ЖАҢАШЫЛ ИДЕЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №10 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейде «Білім беру мазмұнын жаңартудағы жаңашыл идеяларды тәжірибеге енгізу жолдары мен тәсілдері» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Бұл шара коммуникативті дағдыларды қалыптастырудағы бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерінің деңгейін арттыру мақсатында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналды.
Семинарға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Басанова Ақманат Серікқызы, қалалық білім бөлімінің әдіскері Жылқайдарова Гүлнұр Пазылханқызы және қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында мұғалімдер жаңартылған білім беру мазмұны аясында өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, шығармашылық ізденіспен, жаңаша әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, ашық сабақтар өткізіп, «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы қысқа мерзімді жоспарлау және критериалды бағалау жүйесі», «Сабақ беру үрдісіндегі кері байланыстың маңыздылығы мен түрлері» тақырыптары бойынша өз ойларын ортаға салды.