БАЛДЫҚ БИ БӘСЕКЕСІ
Облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен «Kyzylorda open sky-2018» халықаралық балдық би фестивалі өтті.
Халықаралық балдық би фестивалінің мақсаты – бәсекелік қабілет пен сананың ашықтығын дамыту, ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, әлемдік мәдениет көшіне ілесу, көршілес мемлекеттермен мәдени байланысты нығайту, қазақ халқының рухани бай дүниесін паш ету, Қазақстанның эволюциялық жолмен даму көрсеткішін айқындау.
Балдық би фестиваліне Грузия, Белоруссия, Украина, Ресей мемлекеттерінен қонақтар мен сайысқа қатысушылар, Қазақстанның барлық облыстарынан қатысушы өнерпаздар келеді. Халықаралық би фестиваліне балалар, жасөспірімдер, жастар қатысады. Қатысушылардың жас ерекшеліктері 4-25 жас аралығындағы би жұптары қатысады.
Би өнері – баланы сұлулыққа, сымбаттылыққа, тән саулығына тәрбиелейді. Халықаралық балдық би фестивалінде қазақ халқының ұлттық билері мен бишілері, ұлттық киім үлгілері, олардың түрлері, би өнеріне қатысты қазақ тілінде жарық көрген кітаптар және атақты бишілердің суреттері, қазақтың би өнеріне байланысты шетелдік өнертанушылардың пікірлері мен еңбектері жайлы көрме залы ұйымдастырылады.
Балдық би 1920 жылдары Англияда қалыптасқан. Балдық би еуропалық және латын-америкалық деп екіге бөлінеді. Халықаралық балдық би фестивалінде қатысушылар аталған екі түрі бойынша сайысқа түседі. Балдық би фестивальдері бірнеше шет елдерде дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Осы дәстүрді Қызылорда облысы халықаралық деңгейде жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.
Халықаралық балдық би фестивалінің нәтижесі – жас ұрпақтың би өнеріне деген құрметі артады, ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, бәсекелік қабілетін дамытады, көрші мемлекеттен келген биші топтармен араласып, рухани байланыс орнатады. Ұлттық құндылықтарымызды сақтап, әлемдік өркениетке ұмтылады, жетістікке жетудің жолынан өзіне сабақ алады. Бұл баланың белсенді азаматтық болмысын, тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып, дамытуға ықпал етеді. Халықаралық балдық би фестивалінің соңында әрбір қатысушы Қызылордаға сапары жайлы пікірлері жинақталып, бейнеролик немесе вайндар дайындалады және қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталады.