Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КӘСІПКЕР МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ДОМБЫРА СЫЙЛАДЫ

КӘСІПКЕР МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ДОМБЫРА СЫЙЛАДЫ

  Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназияда «Рухани жаңғыру» кабинетінің ашылуы және ұлттық аспаптар оркестріне Ибраев Балтабай Сүлейменұлы және «Қолөнер» орталығы шеберлерінің демеушілігімен домбыра сыйлау рәсімі өтті.
Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келген бұл шара – жас ұрпақ санасына ұлттық құндылықтарды сіңіріп,прагматизмге,ұлттық бірегейлікті сақтауға тәрбиелейді, бәсекелік қабілетіндамытып,сананың ашықтығын дәріптеуге үйретеді.
Мектепте ұлттық оркестрі құралып, домбыра сыйлау бастамасы «Домбыра Фест» акциясында оқушылар тарапынан түскен ұсыныс негізінде жүзеге асты. 2018 жылдың 21 ақпан күні «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен «Қолөнер» орталығы, «Ұшқын» қоғамдық бірлестігінің қаржылай демеушілігі нәтижесінде «Ана мен бала» орталығындағы 20 сәбиге өз есімдері жазылған домбыра сыйлыққа берілді. Қазанғап атындағы музыкалық колледж студенттері мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жыршылары Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназияда күй тартып, Сыр сүлейлерінің жырларын орындады.
Осы шарадан кейін мектеп ұжымы тарапынан ұлттық аспаптар оркестрі мен «Рухани жаңғыру» кабинетін ашу туралы ұсыныс айтылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда нәтижелі істерге аса мән беру, тиімді шараларды ұйымдастыру талап етілгенін ескерсек, ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртуға Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназия ұжымы бастамашы болып, меценаттар қолдауына ие болды.



Қуанышбекова Меруерт,
«Рухани жаңғыру» орталығының маманы
01 наурыз 2018 ж. 1 773 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам