Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТАҒЫ БІР ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

ТАҒЫ БІР ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

   ҚазАқпарат - Халықаралық әуе тасымалдаушылар қауымдастығының (ИАТА) өкілі Джордан Карамалаков «Scat» әуе компаниясына IOSA қауіпсіздігінің халықаралық сертификатын табыс етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Scat» әуе компаниясы үшін бұл жұмыс 3 жыл бұрын басталып кеткен еді. Екі жыл бұрын біздің компанияның эксплуатациялық жұмысының мыңға жуық элементі тексеріліп, компания халықаралық стандарттарға сәйкес IOSA қауіпсіздік сертификатын алуға құқық беретін аудиттан өтті. Осының негізінде әуе компаниясы қауіпсіз әуе көлігі бойынша еуропалық қауымдастықтың рұқсаты негізінде Еуропа елдеріне рейс орындау құқығына ие болды. Бұл жағдайлар Еуроодақта қауіпсіздік бойынша комиссияның шешім қабылдауына, Қазақстанды қауіпсіз ел ретінде тануда шешуші рөл атқарды», - деді Джордан Карамалаков Астанаға Шымкенттен ұшып келген бірегей «Боинг-737 МАХ 8» ұшағының таныстырылымында. Ол өз сөзінде әуе компаниясы үшін әлемдік дәрежеде тасымалдаушылармен ынтамақтастық орнату тұрғысында жол ашылып келе жатқанын тілге тиек етті. «Қазақстандағы жолаушылардың 84 пайызына IATA әуе компаниясының мүшелері қызмет көрсететін болады. Енді бұдан былай Қазақстандағы жолаушылардың 92 пайызы IOSA қауіпсіздігі бойынша сертификаты бар әуе компаниясының рейсімен ұшады. Бұл бүкіл Орталық Азия бойынша Қазақстанның азаматтық авиация саласындағы зор жетістігі болып табылады», - деді Карамалаков. Айта кетсек, Қазақстанда бұл сертификат бұрын «Эйр Астана» әуе компаниясында ғана болған еді.

02 сәуір 2018 ж. 1 577 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам