КІТАП ПАТШАЛЫҒЫНДАҒЫ МЕРЕКЕ

Шараға қаладағы Ә.Құдабаев атындағы №197, Ы.Алтынсарин атындағы №10, №217 Б.Шалғынбаев атындағы, №187 М.Шоқай атындағы мектеп пен өзге де білім ордаларының оқушылары белсене қатысты. Жиын соңында қатысушылар баланың дүниетанымын кеңейтетін, ақыл-ойын дамытып, шығармашылық қабілетін шыңдайтын «Кітап арқылы ашылған сырлы әлем» атты кітап көрмесімен танысты. Көрмеге 300-ге жуық балалар әдебиеті қойылды.
Б. ЖАРЫЛҚАП.