Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАНДА КҮНІНЕ 150 АДАМ ҚАН ТАПСЫРАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА КҮНІНЕ 150 АДАМ ҚАН ТАПСЫРАДЫ

  ҚазАқпарат - Қазақстандағы донорлардың 95 пайызы қанды ерікті түрде қайтарымсыз тапсырады. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында Астанадағы Трансфузиология ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары Шайжамал Мұсабекова мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Екі секунд өткен сайын әлемде бір адам қан құюға мұқтаж болып отырады.
Сондықтан, бізге қан өткізуге келген адамдардың санына қарай мұқтаж адамдарға қан компонеттерін жеткіземіз. Әлбетте, соңғы уақытта қайтарымсыз қан өткізушілердің саны артып келе жатқанын атап өтуге болады. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары ақылы қан өткізушілер көбейіп кетсе, қазіргі таңда Қазақстанда қан өткізушілердің 95 пайызы қайтарымсыз өткізеді. Бұл қуантарлық жағдай. Осы көрсеткішті сақтап қалу үшін біздің мамандар БАҚ, әлеуметтік желілер, акциялар мен қан өткізу шаралары арқылы ауқымды түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді», - дейді ол. Шайжамал Мұсабекованың сөзіне қарағанда, Қазақстанда күніне 150 донор қан өткізеді. «Донорлар қан өткізгеннен кейін екі күн жұмыстан босату туралы анықтама және энергиялық қуатын қалпына келтіру үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 0,25 пайызындай ақша түрінде мемлекеттік кепілдендіру алады. Бұл 600 теңге ғана. Десе де, әлемдік тәжірибеде қайтарымсыз донорлық үшін ешқандай ақша төленбейді», - деді ол. Орталық өкілі айтып өткендей, донорлар неғұрлым көп келген сайын алынатын қан компоненттері соғұрлым қауіпсіз бола түседі «Біз донорлар бір рет келіп қайтып кетпейтіндей жұмыс жүргізуге тырысамыз. Айта кетерлігі, қазіргі уақытта жастар қан өткізуге көптеп ден қойып келеді. Егер әлеуметтік желіде қанның шұғыл керектігін естіп қалып жатса, жастарымыз бірден қан өткізуге әзір тұрады. Бірақ, бізге анағұрлым көп мөлшерде қанның қажеттілігі жоқ екенін атап өткіміз келеді. Біз тек өтінім бойынша жұмыс атқарамыз. Себебі, әрбір қан компонентінің жарамдылық мерзімі бар», - деп түйді Шайжамал Мұсабекова.

03 сәуір 2018 ж. 1 300 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам