ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Шараның басты мақсаты - бәсекелік қабілетті ұлт пен сананың ашықтығын дамыта отырып, аймақтағы әлеуметтік мәселелердің оңтайлы шешімін табуға, жастарды бірлесе шешім қабылдауға үйрету.
«Туған жерге туың тік» идеясы туған жерге қолдау көрсетуден басталады. Өзінің тұрған қаласын, мектебін, мекемесін, балабақшасын, емханасын заманауи технологиямен жабдықтау, қаланың көрікті жерлеріне қызмет көрсету орындарын ұйымдастыру, демалыс орындары мен саябақтарға гүлзарлар жасау, мектеп жанынан кәсіпке баулитын үйірмелер ұйымдастыру, студенттердің бизнеспен айналысуына мүмкіндіктерді қарастыру және т.б. ұсыныстар талқыланып, кәсіпкерлер палатасынан кеңес алады, тәжірибелі кәсіпкерлер мен меценаттар жастардың, идея авторының жобасын жүзеге асырудың жолдарын қарастырып, нақты шешімдер ұсынды.
TALKS-та меценаттар мен аудан әкімдіктерінің мамандары қатысады.
TALKSалаңында келесі мәселелерді талқылау жоспарланып отыр:
1. ІТ-үйірмесін ашу; 2. қала, аудан мектептерінде қолөнер үйірмесін ұйымдастыру; 3. Жастар саябағын, гүлзарлар, субұрқақтар салу.Аймақтағы талқыланатын мәселелер әлеуметтік желіде алдын ала өткізілгенсауалнама нәтижесінде таңдалды.
Шараның нәтижесі бір ай мерзімнен кейін Open Spaceформатында жоба ұсынушылар мен қолдаушылар кездесіп, осы мерзімде жеткен жетістіктері мен мәселенің оңтайлы шешілу деңгейін жариялайды немесе хабарлайды.