Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОЙЫНШЫҚ ЖОЛБАРЫСТАН ҚОРЫҚҚАН ПОЛИЦЕЙЛЕР БІР САҒАТ БОЙЫ КӨЛІКТЕН ТҮСПЕЙ ҚОЙҒАН

ОЙЫНШЫҚ ЖОЛБАРЫСТАН ҚОРЫҚҚАН ПОЛИЦЕЙЛЕР БІР САҒАТ БОЙЫ КӨЛІКТЕН ТҮСПЕЙ ҚОЙҒАН

   Сиыр қорасында жыртқыш жануарды көрген 24 жастағы Брюс Грубб атты малшы дереу полицейлерді шақырған. Шақыртуға қарулы полицейлер бірден келіп жеткен. Дегенмен олар жолбарысты көріп, көліктерінен шықпай қойған, - деп хабарлайды The Sun.
Оқиға Шотландияның Абердинши́р аймағында болған.
Біраз уақыттан кейін малшының өзі жолбарыстың ештеңеге елеңдемейтінін байқайды да, оған көлігімен жақын келеді. Осыдан кейін ғана полицейлер мен малшы өздерін сонша үрейлендірген жолбарыс - жұмсақ ойыншық екеніне көзі жеткен.
"Сиыр қораға кіргенімде оның шын жолбарыс екеніне күмәнім болмаған. Шошып кеттім, оның үстіне полиция келгенше ол сиырларымды жарып тастайды деп қорықтым", - дейді Брюс Грубб.
Малшы бұл аймаққа үш апта бұрын көшіп келіп, соның құрметіне кішігірім той жасаған. Ойыншықты мас қонақтарының бірі қалжыңдап қойып кеткен болу керек.
16 наурыз 2018 ж. 1 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 214 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам