ЕЛІМІЗДЕ СПИРТТІ ІШІМДІКТЕРДІҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАДЫ
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қабылдаған Қаулысына сәйкес, 2018 жылы спиртті ішімдіктердің бағасы қымбаттады, деп хабарлайды Stan.kz.
«Арақ және өткір ликер-арақ өнімдерінің бір литрінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасын 2018 жылы 1900 теңге етіп белгілеу», – деп жазылған ҚР Перемьер-Министрі қол қойған қаулыда.
Аталған қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Қаулының толық мәтіні ресми БАҚ-та жарияланған.