КИОКУШИНКАЙ-КАН КАРАТЭДЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ ӨТУДЕ

Жарыстың салтанатты ашылуында «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Жұмаділдаева және Ұлттық республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының бірінші вице-президенті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әлімжан Молдағали сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыстың мақсаты - маусымда Астана қаласында өтетін Азия чемпионатына спортшыларды іріктеу, 3-ші нөмірдегі спортшыларды таңдау, жастарды спортқа тарту, саламатты өмір салтын насихаттау, киокушинкай-кан каратэ спортын дамыту болып табылады.
Сондай-ақ, ел кубогының аясында, бүгін сағат 17.00-де халықаралық «Сыр шайқасы» атты жолдастық кездесу өтеді. Жарыс барысында Қазақстан құрама командасы Ресей, Белоруссия және Қырғызстан спортшыларымен бақ сынасады. Қазақстан кубогы 7 сәуірде аяқталады.