Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КИОКУШИНКАЙ-КАН КАРАТЭДЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ ӨТЕДІ

КИОКУШИНКАЙ-КАН КАРАТЭДЕН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ ӨТЕДІ

   6-7 сәуір күндері «Евразия» спорт кешенінде киокушинкай-кан каратэден жасөспірімдер, жастар, ересектер, әйелдер мен ерлер арасында ҚР кубогы өтеді. Дүбірлі бәсекеге еліміздің барлық өңірлерінен 16 команда, 500-ден аса спортшы 25 салмақта сынға түседі.
Жарыстың мақсаты   - маусымда Астана қаласында, тамызда Венгрияда өтетін Азия және Әлем чемионаттарына спортшыларды іріктеу, 3-ші нөмірдегі спортшыларды таңдау, жастарды спортқа тарту, саламатты өмір салтын насихаттау, киокушинкай-кан каратэ спортын дамыту болып табылады.
Қазақстан кубогын ұйымдастырушылар: ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Ұлттық республикалық  және облыстық киокушинкай-кан каратэ федерациялары.
Айта кетейік, айтулы жарыс облыста алғашқы мәрте ұйымдастырылуда. Бұған дейін 2014 жылы Қазақстан чемпионаты өткізілген болатын.
Сондай-ақ, Ел кубогының аясында, «Сыр шайқасы» атты халықаралық жолдастық кездесу өтеді. Ойын форматы 3-ке 3 «топтық кездесу». Жарыс барысында Қазақстан құрама командасы Ресей, Белоруссия және Қырғызстан командаларымен бақ сынасады.
Жарыстарда жеңімпаз және жүлдегер спортшылар мен командаларға ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің диплом, медаль, кубоктары беріледі.
6 сәуір күні жарыс сағат 09.00-де басталады,12.00-де салтанатты ашылуы болады. 
04 сәуір 2018 ж. 1 521 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 512 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам