Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНА ЕНГІЗІЛЕТІН ЖАҢА ПӘН

МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНА ЕНГІЗІЛЕТІН ЖАҢА ПӘН

   ҚазАқпарат - «Атамекен» ҰКП-ның президиум төрағасы Тимур Құлыбаев Талдықорғанда кәсіпкерлердің өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында ол мектеп бағдарламасына енгізілген жаңа пән «Кәсіпкерлік және экономика негіздері» жоғары сынып оқушылары үшін болашақта айналысатын кәсібін дұрыс таңдауға зор септігін тигізетіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзінше, мектеп оқушылары кәсіпкерлік негіздерімен 2019 жылдың 1 қыркүйегінен-ақ таныса бастайды. «Қазіргі таңда аталмыш пән Білім және ғылым министрлігімен бірге пысықталуда. Осылайша, біз жоғары сынып оқушыларына кәсіп таңдауды үйретеміз. Біз оларға қандай бизнес түрімен айналысқылары келетінін, олардың қандай кәсіпке ынта-ықыласы бар екенін анықтаймыз. Егер олар кәсіпкерлікпен айналысуға қызығушылық танытса, біз өзіміздің мүмкіндіктерімізді техникалық және кәсіби білім беру арқылы ұсына аламыз. Сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы жоғары оқу орнына түсуге дайындаймыз»,- деді Т.Құлыбаев. Айта кетейік, жуырда Тимур Құлыбаев Таразда кәсіпкерлермен болған осы тектес кездесу барысында кәсіпкерлерді кадр дайындау бойынша мемлекеттік тапсырыстарды орындау ісіне тарту қажеттігін айтқан болатын.

11 сәуір 2018 ж. 2 092 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам