Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТАШКЕНТКЕ ҚЫЗЫЛОРДАДАН АВТОБУС ҚАТЫНАЙДЫ

ТАШКЕНТКЕ ҚЫЗЫЛОРДАДАН АВТОБУС ҚАТЫНАЙДЫ

   Алдағы 3 ай ішінде Қызылорда қаласынан «Қызылорда-Ташкент» бағыты бойынша автобустар жолаушыларды тасымалдайтын болады, ол туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Ержан Әбдіхалықов баяндады.
«Бүгінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетімен аталған бағыттағы маршрутты таяу уақытта ашу көзделіп отыр. Ұйымдастыру мәселелерін шешуге шамасымен 3 ай уақыт қажет, одан кейін жаңа рейс жолаушыларға қызмет көрсете бастайды», - деп мәлімдеді Ержан Әбдіхалықов.
 Одан бөлек, басқарма басшысының айтуынша, өткен жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 9,73 млрд.теңге бөлініп, 215,9 км жолдар жөндеуден өткізілген. Ал, биыл бұл бағыттағы инфрақұрылымды дамытуға барлығы 15,0 млрд. теңге бөлініп, 360 км жолдар желісі жөндеуден өтеді деп күтілуде.
11 сәуір 2018 ж. 1 564 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 203 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам