Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КҮЙЗЕЛІСТІ ҚАЛАЙ ЖЕҢУГЕ БОЛАДЫ?

КҮЙЗЕЛІСТІ ҚАЛАЙ ЖЕҢУГЕ БОЛАДЫ?

     Біз көп адамның ашуға тез бой алдыратыны жөнінде жазған едік. Сондай-ақ, қазір мәселеден шаршап, күйзеліске тез түседі. Мұндай күйзелістен қалай арылуға жəне оны қалай жеңуге болады? Бұл сұраққа психолог Гүлнәр Əбдібаттаева былай жауап берді: «Қазақта тəрбиелік мағынасы зор мынадай сөз бар. Бұл адам психологиясына бағытталған анық дүние. Қатты ашуланып тұрған жағдайда күле сал дейді. Адамның еріксіз түрде өзіне бағынуын көрсетсе керек.
Ойлап көрсеңіз, соншалықты эмоцияға берілген сəтте өзін-өзі игеру көп жағдайда мүмкін емес. Егер кез келген адам барлық жайларды қалыпты деп қабылдайтын болса, ол адам ашуды ақылға жеңдіре алады. Сонымен қатар, күйзелістен арылудың мынадай жолдары бар. Таза ауада серуендеу, миды тынықтыру, кітап оқу, ойды басқа нəрсеге бағыттау, әуен тыңдап, жанды тыныштандыру, шəй ішу, емдік шөпті шəйлармен ағзаны босату, сондай-ақ, терең тыныстау да адамға оң әсерін тигізеді».  
Иә, қазір күн көру оңай емес. Содан да болар, бір-бірінің сөзін де, өзін де көтере алмай, соңы дауға ұласып жатады. Оған қоса, бұған экологиялық жағдайдың өзгеруі де елеулі үлес қосып жатқаны белгілі. Заман, табиғат өзгерсе де Алланың адамға берген табиғи қасиеті, адамшылдығы өзгермесе екен.
Түймедейге ашуланып, өзіңіздің де, өзгенің де көңіл-күйін бұзғанша кез-келген мәселеге келіп тірелгенде ашуға емес, ақылға ерік бергеніңіз дұрыс болар, ағайын!
                                                                                 Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
12 сәуір 2018 ж. 2 897 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам