Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕР АЗАМАТТАРДЫҢ БАСТЫ ҚОРҚЫНЫШЫ АНЫҚТАЛДЫ

ЕР АЗАМАТТАРДЫҢ БАСТЫ ҚОРҚЫНЫШЫ АНЫҚТАЛДЫ

   Психологтардың ер азаматтардың 70%-ы көзіне шөп салғанды кешірмейтінін айтады. Бірақ барлығы бірдей күшті, ер мінезді, өз-өздеріне сенімді емес. Олардың да әйелдер сияқты қорқыныштары бар. Бірақ олар өз қорқыныштары туралы айтпауды немесе жоққа шығаруды құп көреді. Психологтар олардың ең басты бес қорқынышын атап көрсетеді
1. Жұмысын жоғалту
Ер азаматтардың санасына отбасының асыраушысы ретіндегі ой сіңіп қалған. Қаржылық тұрақтылық пен әлеуметтік дәрежесі оның мәртебесін көтереді. Сол себепті де олар тұрақты жұмысынан айырылып, ақшасыз қалудан қорқады.
 
2. Жыныстық қатынастағы әлсіздік
Жыныстық қатынаста әлсіздігін сезу оларды уайымға салады. Бұл кезде күйгелектікке салынып, мазасы кетеді. Сол себепті де оған әлсіздігін бетіне баспай, мамандарға қаралу қажеттігін ақырын түсіндіру керек.
 
3. Әке болу
Қалыңдықтарының немесе келіншектерінің жоспардан тыс жүкті болып қалуынан ер азаматтардың 84%-ы қорқады екен. Олар бала туғаннан кейін еркіндігі мен тәуелсіздігінен айырылудан, мойындарына артылар жауапкершіліктен қорқады.
  
4. Үйлену
Көп ер азаматтар отбасын құруды тәуелсіздік пен еркіндіктен айырылу деп ұғады. Тіпті той қарсаңындағы әбігер де берекелерін алады.
 
5. Алдану
Сүйікті әйелінің көзіне шөп салғанын көп ер азамат кешірмейді. Тіпті келіншектері адал болса да, аз ғана күмәннің өзі оларды түн ұйқысынан айырады.
18 сәуір 2018 ж. 969 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 435 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам