«КІТАП, ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ ЖАСТАР»
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жастарды кітап оқуға саналы түрде баулу, оқырмандардың оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани байлығын дамыту мақсатында «Кітап, интернет және жастар» атты дебат ұйымдастырды.
ХХІ ғасыр – білім, ғылым және мәдениет ғасыры. Елбасы – Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында талабы таудай, қабілетті, ізденімпаз жастар үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой екені, жастардың әлемдік бәсекелестікке төтеп беретіні, ұлт ақыл-ойының ұйытқысы болатыны көрсетілген. Бәсекеге қабілеттіліктің басты мақсаты – білім, ал білімнің қайнар көзі – кітапта. Шараға «Болашақ» колледжі мен С. Ысқақов атындағы «Құрылыс және бизнес» колледжінің студенттері және кітапхана оқырмандары қатысып, кітап адамның жүрегін, санасын, ақылын байытады, дүниетанымын кеңейтеді, жақсы кітапты оқу арқылы адамның сөздік қоры көбейіп, өз пікірін еркін жеткізе алады. Сондай-ақ оқу логикалық ойлауды дамытады және интернетті меңгеруіміз керек деп, таңертеннен кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті. Шара барысында әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтану керек екендігі айтылды.