Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҰШАҚТАРДА ТҰРЫП БАРАТЫН ОРЫНДАР ПАЙДА БОЛАДЫ

ҰШАҚТАРДА ТҰРЫП БАРАТЫН ОРЫНДАР ПАЙДА БОЛАДЫ

   Италиялық Aviointeriors орындықтар өндірушісі ұшақтағы адам сыйымдылығын 20 пайызға арттыру үшін тұрып баруға арналған вертикалды орындықтардың дизайнын жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Skirider 2.0 жаңа моделі Германияның Гамбург қаласындағы «Aircraft Interiors Expo 2018» көрмесінде таныстырылды.
Skyrider-дің ерекше дизайны салт атқа арналған ертоқымға ұқсас келеді, оның жобасы 2010 жылы құрастырылған. Бірақ АҚШ федералдық авиация әкімшілігі бұл идеяны қолдамаған. Алайда, Aviointeriors өкілдері шабандоздардың мұндай жағдайда ешбір ыңғайсыздықты сезінбей бірнеше сағат бойы отыра алатынын атап өтті. Осылайша, өндіруші тұрып бару үшін ойластырылған орындықтар қысқа уақыттағы рейстер үшін өте қолайлы болып және әуе компанияларының табысын арттырады деген сенімде.
Skyrider 2.0 орындықтарының әр қатары екі тік бағанмен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, тұрып баруға арналған орындықтардың жақсартылған нұсқасында оларға жұмсақ қаптама кигізуге болады.
«Біз ұшу шығындарын төмендетудің кез келген тәсілдеріне қызығушылық танытамыз», - деп атап өтті топ-менеджер.
2017 жылдың шілдесінде Колумбияның VivaColombia авиакомпаниясының басшылығы ұшақ сыйымдылығын арттыру үшін лайнерлерде вертикалды орындықтарды енгізуді ойластырған болатын.


19 сәуір 2018 ж. 1 150 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам