Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МЕКТЕПТЕН ШЫҒАРЫЛҒАН ӘРБІР ҮШІНШІ ОҚУШЫ - ДАНЫШПАН

МЕКТЕПТЕН ШЫҒАРЫЛҒАН ӘРБІР ҮШІНШІ ОҚУШЫ - ДАНЫШПАН

   "Сабағыңды жақсы оқымасаң, ертең еден жуушы боласың» деген сөздерді сіз де естіген шығарсыз. Әдетте үй тапсырмасын орындамай, жалқауланып жатқан кезде, осылайша ұрыс естиміз. Ата-аналар балаларын дәл осылай қорқытса, ұстаздар болашағының қайыршының күнімен пара-пар екенін айтып жүрексіндіреді. Жасы үлкен ағаларымыз мектептегі бағаның болашақ өмірімізге айтарлықтай әсер етпейтіндігін әлдеқайда ертерек түсінген болатын. Білімге қызығушылықтарын арттыру үшін осылай айтатын болар.

Жыл сайын мектеп бағдарламасына өзгерістер енгізіледі. Осының салдарынан бірі оған икемделіп үлгерсе, екіншісі артта қалып қояды. Ал мұның себебі неде екен?

Чарльз Дарвин партаға жатып ұйықтағанды ұнататын, өте жалқау оқушылардың бірі болған. Артынша «жалқау» оқушы бар әлемді адамның маймылдан жаралғандығына сендіреді. Альберт Эйнштейн біздің заманымызда өмір сүрсе, ауытқуы бар балаларға арналған сыныпта оқитын еді. Ол мектепте оқып жүрген шағында сөздіктерді қолданып, ұзақ сөз тіркестерін айта алмайтын болған. Тілі кеш шыққан. Алайда Альберт есейген соң Нобель сыйлығына ие болады. Уинстон Черчилль мырза мектеп қабырғасында көп пәндерді меңгере алмай, артынша ЖОО-ға түсуден де бас тартқан. Өнертапқыш Томас Эдисон мектепте тек бірнеше ай ғана оқыған. Бір күні ұстазы оның ата-анасына келіп, балаларын «ақымақ» деп танып, мектептен алып кетуді ұсынады. Мұнымен қатар, болашағы жоқ бала екенін де айтады. Мұғалімдердің тарапынан осындай мінездемеге ие болған Томас Эдисон адамзат үшін маңызы зор жаңалықтар ашады. Тіпті ең алғашқы электр станциясын құрастырады. Николай Гоголь де мектепте жазған шығармалары үшін нашар баға алған екен. Артынша есейе келе «Вечера на хуторе близ Диканьки» мен «Мертвые души» романдарын жазады. Билл Гейтс өндірушілердің алды болмай тұрып, небары мектептегі екілік баға алып жүретін оқушы болған. Осы кезде ата-анасы қулық жасап, оған әрбір алған жақсы бағасы үшін 25 цент беріп отырады. Дәл мұндай ынталандыруға қарамастан, «Майкрософт» басшысы жылына тек 5 доллар табатын болған екен. Бұл – ата-анасының жақсы баға үшін берген сыйақысы. Артынша мектепте дербес электронды есептеу машина пайда болып, Гейтстің бойында тұнып жатқан таланттарды ашады. Екілік баға алса да, данышпан болған оқушылардың тізімін осылайша жалғастыра беруге болады.

Айналасындағылар нағыз ақымақ, білімсіз деп таныған оқушылардан данышпандар шығатыны қалай? Мұнымен қатар, өмірде де үнемі жолдары болады. Психолог мамандар ерекше дарынды оқушылардың мектеп стандартына сай келмейтіндігін және ұстаздардың сүйікті оқушысына айналуға құмартпайтындығын айтады. Психолог П.Торренстің ерекше дарынды оқушылардың болмысын зерттеген. Шамамен олардың 30%-ы мектеп қабырғасында өте нашар оқып, ынтасыз өскендігі анықталған. Тіпті дәрігер мамандар «ақымақ» деп таныған.

Сонда мектептен шығып қалған әрбір үшінші оқушы данышпан болуы мүмкін бе? Мектеп бағдарламасы оқушының ойлау қабілетін дамытудан, есте сақтау қабілетін жаттықтыруға бағытталған. Антуан де Сент-Экзюпери көп баланың көкейіндегі «Моцартты өлтіреміз» деп жазған болатын. Ақыл-парасат деңгейі айтарлықтай жоғары емес балалар бар. Алайда олардың шығармашылық ойлау қабілеттері өте жоғары. Мұндай балалар үнемі нашар оқиды десек те болады. Осының салдарынан сыныптастарымен араласпай, мектеп стандартынан ауытқиды. Бойындағы өзіне деген сенімі жоғалып, түрлі комплекс қалыптасады. Ұстаздар дәл осы оқушыларды ақымақ, алаңғасар деп бағалайды. Өкінішке орай, бұл балалар мектеп бағдарламасындағы барлық пәнге қызыға бермейді. Ережеге сәйкес олар бір ғана нәрсеге қызығып, бір ғана іспен айналысады. Болашақты осы қызығушылының арқасында ең сапалы маманға айналады. Сол себепті нашар баға алатын оқушың көкейіндегі Моцартты өлтіріп, тек бестік баға алу керек деп қинай берудің қажеті жоқ. Оның жүрегіне үңіліңіз. Сол кезде аула сыпырғыш емес, одан елінің қамын ойлап, болашағы табысты болатын азамат өсіп шығады. 

Құрметті оқырмандар, жоғарыдағы мақаланы сіздер сабақ оқымай кетсін деген ниетпен жазғанымыз жоқ. Бар болғаны дәл осындай сыныптастарыңыз болса, олардың кеудесінен итермей, шынайы болмысын түсінсеңіздер екен деген ниетім бар. Балалық шақта еліріп, көп қателік жібереміз. Үйдегі ата-анамызды, достарымызды ренжітеміз. Осындай жағдай болмас үшін, әрбір сыныптасымыздың жан-дүниесіне үңілуіміз қажет. 

Ал Сіздің сыныбыңызда дәл осындай данышпандар бар ма?
massaget.kz
22 сәуір 2018 ж. 1 205 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам