Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ӘУЕЗОВ

ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ӘУЕЗОВ

    Облыс орталығындағы М.Әуезов ескерткішінің жанында «Әуезов мұрасы – ұрпақ қазынасы» атты әдеби оқу кеші өтті. Шара 18 сәуір – халықаралық тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғау күніне орай ұйымдастырылды.                                    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бастамасымен қолға алынға шара барысында «Болашақ» медициналық колледжінің студенттері мен кеш қонақтары қарымды қаламгер шығармашылығымен кеңінен танысуға мүмкіндік алды. Осыдан 18 жыл бұрын бой көтерген ескерткіш жанында кітапхананың тұрақты оқырмандары қоғам қайраткерлерінің Мұхтар Әуезовке арнаған өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқыды.                                                                                 
Сондай-ақ, №10 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицей мұғалімі Қарагөз Игібаева аталмыш шараның маңыздылығына тоқталды. Ол хакім Абайды әлемге танытқан қаламгер шығармашылығын жастар арасында насихаттау арқылы өскелең ұрпақтың таным-түсінігіне сіңірудің артықшылығын сөз етті.                                                                                 
Шара соңында «Әлем таныған Әуезов» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Үш бөлімнен тұратын көрмеде оның зерттеу еңбектері, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары, жинаққа енген шығармалары топтастырылған. Тағылымды кеш одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты.
                                                                                Бағлан ЖАРЫЛҚАПҚЫЗЫ.
23 сәуір 2018 ж. 1 744 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 202 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам