Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » EGOV.KZ.-ТІҢ ТИІМДІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

EGOV.KZ.-ТІҢ ТИІМДІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

   «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған кезекті акциясы қала орталығындағы адам көп шоғырланатын орындардың бірі «Жібек жолы» ойын-сауда орталығында өтті.
Акцияның басты мақсаты - мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, халық арасында электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызмет түрлерін кеңінен насихаттау болды.
- Шара барысында сауда орталығына келушілерге ақпараттық парақшалар таратылып, электронды порталарқылы қызмет алудың тиімділігі мен  тәсілдері насихатталды. Сонымен қатар, қала тұрғындары өздері egov.kz. арқылы анықтама алып көрді, - дейді құжан қабылдау бөлімінің маманы Нұрсұлтан Тілеужанов. – Ол үшін өз өзіне қызмет көрсету бұрышы жасақталып, қызығушылық танытқан орталық қонақтары картрейдер арқылы жұмыс жасап көрді.
- Мен электронды порталды естігенім болмаса, өзім  бұл қызмет түрін пайдаланып көрмеппін.  Анықтама немесе бсқа да құжаттарды рәсімдеу үшін ХҚКО –ларға жүгінемін. Бүгін мамандардың үйретуімен өз өзіме қызмет көрсетіп, анықтама алып көрдім. Бұның оңай әрі тез екеніне қуанып отырмын. Енді барлық таныстарыма үйрететін боламын, - дейді қала тұрғыны Майра Сартайқызы.
23 сәуір 2018 ж. 1 968 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам