Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БАУЫРЫҢЫЗ АУЫРСА...

БАУЫРЫҢЫЗ АУЫРСА...

   Бауыр адам тәнінің ең маңызды ағзаларының бірі саналады. Ол фильтр сияқты барлық залалды заттарды сүзгіден өткізіп, залалсыздандырады. Автокөліктің фильтрінің лас майды пайдаланған кезде жиі бітеліп қалатыны сияқты, залалды тағамдарды ішіп-жегенде бауыр қызметі бұзылады.
Бауырдың ауруына әсіресе, алкогольді ішімдіктің зияны өте көп. Бауыр тазаланған кезде тез қалпына келетін ағза. Дегенмен де, адам улы заттарды, соның ішінде спиртті ішімдіктерді көп тұтынуын қоймаса, келе-келе бауыр клеткалары аралық тканьмен алмасады. Ал бұл созылмалы бауыр циррозына ұшыратады.
 
Бауырды балмен емдеу.
Балдың емдік қасиеті туралы көп айтып, жазылып жүр. Балды тікелей бауыр ауруына қарсы ем ретінде қолдануға болады екен. Ол үшін жарты литр зәйтүн (оливковый масла) майын, жарты келі бал, 50-100 миллилитр алма қышқылын (яблочный уксус) немесе екі лимонның шырынын алыңыз.
Олардың бәрін бір ыдысқа салып араластырып, бетін жақсылап жабыңыз. Содан кейін тоңазтқышқа салып қойыңыз. Қоспа біраз уақыт тұрған соң ыдысты ашып, ағаш қасықпен жақсылап араластырыңыз. Осыдан кейін күніне үш рет тамақ ішуге дейін жарты сағат бұрын бір шәй қасық мөлшерінде пайдаланыңыз.
Төрт-бес күн осындай қоспаны ішкен кезде бауырыңыздың ауырғаны басылады. Бұл тек бауыр ауруына қарсы ғана емес, сондай-ақ асқазан ауруына да өте пайдалы. Осылайша бір ай емделгеннен кейін, араға 4-5 ай салып тағы да қоспаны қабылдаңыз.
 
Сұлы қоспасымен емделу.
Бауырдың созылмалы ауруының алдын алу үшін халық арасында сұлы мен бал қоспасынан жасалған тұнба қолданылған. Оны дайындау үшін 3 литрлік банкі алып, оған 2,5 литр қайнаған су құйылады. Содан кейін жақсылап жуылған 100 грамм сұлы мен 150 грамм мамыр айында алынған бал алыңыз.
Қайнаған суға сұлы мен балды қосып жақсылап араластырыңыз. Банкінің қақпағын жақсылап жауып, сыртын жылы одеялмен орап, жылы жерге бір тәулік қойыңыз. Қоспа қараңғы және құрғақ жерде тұруы керек. Осыдан кейін дайын болған тұнбаны тамақтан кейін бір шәй қасық мөлшерінде ішіңіз. Тұнбаны тәулігіне екі рет қабылдау қажет.
 
Халық еміне қаншалықты сенуге болады?
Емханаға барып, дәрігер жазып берген химиялық жолмен жасалған дәрі-дәрмекті ішу ауруды уақытша басқаны болмаса, одан толық жазылуға игі ықпалын тигізбейді. Мұны сәл басы ауырып, балтыры сыздаса-ақ емханаға барып, дәрі алып қабылдауды әдетке айналдырған адамдардың тәжірибесі дәлелдейді. Мен үнемі қалтасына бір уыс дәрі салып соны ішіп жүретін адамдарды білемін. Олар ешқашан ауруларынан құлан таза айыққан емес.
Сондай-ақ, химиялық улы препараттардың адам ағзасына залалды әсері де көп болатынын медицинаның өзі де теріске шығармайды. Ал жүздеген, тіпті мыңдаған жылдық тарихы бар халық емі негізінен табиуғатта өсетін түрлі шөптер мен өсімдік тамырларын, жапырақтарын, жемістерін және бал, сүт сияқты табиғи өнімдерді пайдаланады.
Шөптен дайындалған тұнбалар мен қоспалардың оншалықты залалы жоқ, ал түрлі дерттерге қарсы емдік қасиеті барлығын сондай қоспаларды пайдаланып, ауруларынан айыққан адамдардың тәжірибесі айғақтайды.
Екі өкпесі бірдей қарайып кеткен менің анам жыл сайын ауруханада бірнеше ай жатып, емделіп жүрді. Содан біреудің айтуымен ол адраспан шөбінен дайындалған тұнбаны қабылдап, ауруынан құлан таза айығып кетті. Осыдан соң ол ешқашан ауруханаға жатпайтын болды.
Халық еміне жүгінесіз бе, әлде дәстүрлі медицинаны дұрыс деп қабылдайсыз ба, ол әркімнің өз таңдауындағы шаруа.
Қалкөз Жүсіптің жеке блогынан
24 сәуір 2018 ж. 1 907 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам