Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » АҒЗАНЫ КҮРІШПЕН ТАЗАЛАУ КӨПТЕГЕН АУРУДАН АЙЫҚТЫРАДЫ

АҒЗАНЫ КҮРІШПЕН ТАЗАЛАУ КӨПТЕГЕН АУРУДАН АЙЫҚТЫРАДЫ


Ағзаны тазалау – денсаулық сақтаудың ең жақсы тәсілі. Тазаланудың қолжетімді әдісінің бірі – күрішпен тазалану.

Оны жылына 1-2 рет екі аптадан бір айға дейінгі мерзімде жасау керек. Нәтижесі бірнеше күннің ішінде көрінеді. Тұла-бойыңыз жеңілдеп, көңіл-күйіңіз көтеріледі. Зат алмасуды, бауыр мен бүйректің қызметін жақсартады, буындарды, тамырларды, теріні тазартады. Артық салмақтан да біртіндеп құтыласыз, деп жазады тибет медицинасының дәрігері Жасан Зекейұлы желідегі парақшасында.

Күрішпен тазаланудың құпиясы

Ағзаны тазалау күріштің сіңіріп алу қасиетіне бағытталған. Крахмал мен балауыздан арылған жібітілген күріш ағзадағы керексіз заттарды өз бойына сіңіреді. Тазалануға өңделмеген күрішті пайдаланған абзал. Тұзсыз диета күріштің әсерінін арттырады. Ағзаны тазалау барысында спирттік ішімдік пен темекіден бас тартқан жөн. Майлы, сүрленген, ащы тағамдарды да шектеу керек.
Күрішті дайындау тәсілі

Күріштің тазалау күші арту үшін крахмал мен балауыздан артылту қажет. Ол үшін 5 стаканды номерлеңіз. Себебі күріштің дайындалуына 5 күн кетеді. Тек алтыншы күні ғана ағзаны тазалауды бастай аласыз.

Бірінші күн.
№1 стаканға 2-3 ас қасық күріш салып, үстіне суық су құямыз.

Екінші күн.
№1 стакандағы күрішті дұрыстап жуып, суық су құйып, бетін жауып қоямыз. №2 стаканға 2-3 ас қасық күріш салып, үстіне суық су құямыз.

Үшінші күн.
№1 және №2 стакандағы күрішті жуып, үтіне таза су құямыз. №3 стаканға күріш салып, су құямыз.

Төртінші күн.
№1-3 стакандағы күрішті жуып, суын ауыстырамыз. №4 стаканға күріш салып, су құямыз.

Бесінші күн.
№1-4 стакандардағы тәртіпті қайталаймыз. Сол сияқты №5 стаканды дайындаймыз.

Алтыншы күн.
№1 стакандағы күрішті тұз, қант, май – ештеңе қоспай әзірлейміз. Ал босаған стаканға 2-3 ас қасық күріш салып, бұқтырып қоямыз. Егер гастрит, асқазанның ойық жарасы сияқты аурулармен ауырмайтын болсаңыз, күрішті пісірмей жеу керек. Күрішке қайнаған су құйып, 15-20 минут бұқтырамыз. Бұл жағдайда күріштің тазалаушы қасиеті жоғары болады. Піспеген күріш ағзаны тұздар, холестерин мен қоқыстардан ғана тазалап қоймайды, сонымен қатар іштегі паразиттерді кетіреді.

Stan.kz
02 желтоқсан 2017 ж. 4 847 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 036 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам