Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КӨРКІНЕ КӨЗ ТОЯТЫН КЕЛБЕТТІ ҮЙЛЕР

КӨРКІНЕ КӨЗ ТОЯТЫН КЕЛБЕТТІ ҮЙЛЕР

Бүгінде қала орталығындағы көшелермен жүрсеңіз, көпқабатты үйлердің қас беттері жаңарып, түрлі
түске енгенін көресіз. Жаңа үйлер көз тартады. Бұл – қаланың 200 жылдық мерейтойына дайындығы.
Шаһар аумағында ауқымды жоспарлар
мен тың жобалар қолға алынуда. Бір қуантарлығы, бұл жұмысқа
қаланың жанашыр, белсенді азаматтары өз үлестерін қосып келеді.
Соның бір дәлелі, құрылыс компаниялары көркейту-көгалдандыру және абаттандыруға ерекше атсалысуда. Қала әкімдігі көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы бейнесін сәулеттік және эстетикалық талаптарға сәйкестендіру үшін оған жергілікті кәсіпкерлерді тартты.
Туған жерге деген шынайы жанашырлығын сөзбен емес, ісімен дәлелдеп жүрген құрылысшылар қала әкімідігі тарапынан түскен ұсынысқа қолдау білдірді. Бүгінде Абай, Жібек жолы даңғылы, Тоқмағамбетов, Әуелбеков, Сүлейменов көшесіндегі 30-дан астам көпқабатты тұрғын үйдің сырт келбеті көрер көзге көркем көрінеді.
Соның ішінде Желтоқсан көшесіндегі №2 үй ұзақ уақыттан бері жөндеуден өтпеген еді. Көп жылдан бері көркі қашқан тұрғын үй келбеті қазір жасана түскен. «Нұрталап және К» серіктестігі директорының орынбасары Асқарбек Байкенжеевтің айтуынша, мұнда тек баспана сыртын әрлеу ғана емес, ескірген шатырлар мен суағарларға дейін ауыстыру көзделіп отыр. Осындай игі істі жалғастырушылар қатарында «Бақ-Береке» ЖШС директоры, қалалық мәслихат депутаты Қайрат Ерназаров, «SGS Инжиниринг» серіктестігінің директоры Нұрлан Аманбаев та бар. Кәсіпкерлердің жасаған игі ісі кейінгі жас буынға үлгі. Себебі, болашақта олар да осы құрылысшылар секілді осы бастаманы жалғастыруы әбден мүмкін.
Көпқабатты үйлердің әрлеуіне қала тұрғындары да ризашылықтарын білдіруде. Солардың бірі – Талғат Ақанұлы ұзақ жылдан бері «Универсам» мөлтек ауданында тұрады.
– Үйлеріміздің сыртқы келбеті әрленіп, жаңарып қалды. Жұмыс қарқынды жүруде. Мұндай еңбекті елеусіз қалдыруға болмайды. Енді әрмен қарай таза, әдемі етіп ұстау – әр тұрғынның міндеті, – деді ол.
Сыр өңірінің бас шаһарының 200 жылдық мерейтойына басты тарту – дарияның сол жақ жағалауындағы жаңа аудан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Мұндағы салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлер мен бірқатар әлеуметтік нысандар құрылыс компанияларының өз қаражаты есебінен жүзеге асуда.
Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
Суретті түсірген: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.
24 сәуір 2018 ж. 1 447 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам