ҚЫЗЫЛОРДАДА ВОЛЕЙБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ СОҢҒЫ АЙНАЛЫМ ОЙЫНДАРЫ ӨТУДЕ

Жарыстың бірінші айналымы – Талдықорғанда, екіншісі – Түркістанда, үшінші кезеңі – Оралда, төртінші айналымы - Ақтөбе қаласында өткізілді.
Ел чемпионатында жерлестеріміз 4 кезең ойнап, нәтижесінде 42 ұпаймен жүлделі үшінші орында келе жатыр. Бірінші орында – 48 ұпаймен Ақтөбе, екінші орында - 48 ұпаймен Шымкент қалалары.
Жарыстың алғашқы күнгі нәтижелері төмендегідей:
«Динамо-Қазығұрт » - «Динамо - Қостанай» 3:0
«Ақтөбе» - «Жайық» 3:0
«Қайсар» - «Жетісу-Жастар» 3:1
Чемпионаттың соңғы тур ойындары 28 сәуірде аяқталады.