Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БІЛІМДІ ҰРПАҚ МЫҢДЫ ЖЫҒАДЫ

БІЛІМДІ ҰРПАҚ МЫҢДЫ ЖЫҒАДЫ

   Қызылорда қаласының білім беру саласында серпінді серпіліс бар. Бәсекеге қабілетті, саналы ұрпақ тәрбиелеуде облыс орталығының ұстаздары нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Елбасы Жолдауында көрсетілген білім салсының бағыттары мен міндеттерін орындауда белсенділік танытады. Жаңашылдыққа ұмтылу кезеңіндегі инновациялық зерттеулерді жетілдіру, инженерлік оқыту, ғылымға көп көңіл бөлу секілді бағыттар бойынша оң нәтижелер бар.
Қазіргі таңда қалалық білім бөліміне қарасты 54 жалпы білім беретін мектепте 55 мыңнан астам оқушы тәлім алады. Олардың арасында 3 мектеп-гимназия, 11 мектеп-лицей, 1 дарынды балаларға арналған мектебі, 39 жалпы білім беретін оқу ошақтары қызмет етеді. Оған қоса 1 кешкі мектеп және 26 мемлекеттік балабақша бар. Оқушы жетістігінің айқын көрінісі мұғалім берген біліммен тығыз байланысты. Педагогтар дарынды, талантты оқушыларды тәрбиелеуде жемісті еңбек етіп келеді. Өрендер арасында  ғылыми-зерттеу және жобалық қызметпен айналысатын дарынды жеткіншектер жетерлік. Биыл халықаралық ғылыми байқаулар бойынша Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласында өткен «Жас ғалым» байқауында «Мұрагер» мектебінің 4 және №3, №5 мектеп-лицейдің оқушылары жүлделі орындар биігінен көрініп қайтты. Сондай-ақ, Атырау қаласында жаратылыстану-математикалық бағытындағы шараға қатысқан 6 оқушы үздік үштіктен көрінді.
Бала болашағының қалыптасуында алдымен ұстаздар қауымының айрықша  орны  бар. Мұғалімдердің біліктілігі арқылы олардың білім жолындағы жүйелі істері таразыға тартылады. Қаламызда көпке үлгі боларлықтай бәсекеге қабілетті ұстаздар жетерлік. Мәселен, Астана қаласында өткен «Үздік педагог-2017» атты республикалық байқауында №1 мектеп-гимназия және №144 орта мектеп мұғалімдері Сәуле Әлденова, Сағатбек Қарапаев төсбелгімен марапатталды. Сондай-ақ, 2016-2017 оқу жылында «Үздік  орта білім ұйымы» атты байқауында №3 мектеп-лицей директоры Меруерт Әбдіқалықова жеңімпаз атанған еді. Педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру, біліктілігін көтеру бағытында қала ұстаздары деңгейлік оқу курстары мен білім жетілдіру оқуларынан өтті. Сонымен қатар,үш тілде оқыту жағдайында олардың пәндік және тілдік-қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру тақырыбында  жаратылыстану пәнінің 54 мұғалімі біліктілігін арттырды. Үстіміздегі  жылы бұл бағытта 200 ұстаз білім жетілдіреді деп күтілуде.
Білім саласындағы байыпты бастамалар, жарқын жобалар қала мектептерінде жүйелі атқарылып келеді. Қалалық білім бөлімі алдыңғы кезекте мұғалім жетіспеушілігі, білім беру ұйымдарын реттеу мен жөндеу мәселелеріне назар аударды. Жүйелі жұмыс нәтижесінде қаламызда үш ауысымдық мектеп мәселесі түбегейлі шешімін тапты.
Сонымен қатар, қала мектептерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту бойынша тиімді ұйымдастыру жолдары қарастырылды. Айта кетерлігі, 23 робототехника кабинеттерін жабдықтауға қаржы қаралып, ол оқу жылының аяғына дейін жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Үстіміздегі жылы осы бағытта 11 физика, 11 химия, 8 биология кабинеттері қамтылады деп күтілуде.  
Тәуелсіз ел тірегі – зерделі ұрпақ. Ал, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – сапалы білім мен ғылымды дамыту. Бұл бағыттағы үрдістерді кезең-кезеңімен орындап, дарынды өрендерге жол ашқан қаланың  білім саласы жоғары жетістікке қол созып отыр.

Айтолқын АЙТЖАНОВА.
24 сәуір 2018 ж. 2 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам