ЖАҢАША ОҚЫТУҒА –ЖАҢАША КӨЗҚАРАС
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №212 мектеп-гимназия базасында «Жаңаша оқытуға –жаңаша көзқарас» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қатысуымен қалалық семинар өткізілді.
Дана халқымыздың «Біліксіз қалар жырақта, білімді жетер мұратқа» - деген өсиетінің өзектілігі күннен –күнге өсе түсуде.
Елбасымыздың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында білім беру саласына байланысты нақты тапсырмалар берді. Жолдауда білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру – біздің міндетіміз болса, жас жеткіншектерге арналған оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажеттігі нақты атап көрсетілді. Заманның талабы – мектептегі оқыту үдерісінде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жаңа мүмкіндіктерді табу, жаңалықтар енгізу, білім беру сапасын арттыру.
Семинарда 5, 7 сыныптарда жаңартылған бағдарлама бойынша ашық сабақтар берілді. «Шәкәрімнің ұлағатты мұрасы» тақырыбында сыныптан тыс іс-шарада 9, 11 сынып оқушылары ақынның тарихи-танымдық еңбектерін насихаттап, сахналық қойылым көрсетті. Семинар соңында коучинг ұйымдастырылып, мектеп тренерлері мұғалімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.