Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КӘСІПКЕРГЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРГЕНДЕР КІМДЕР?

КӘСІПКЕРГЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРГЕНДЕР КІМДЕР?

    Кәсіпкердің жұмысына кедергі келтірген Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының бөлім басшысы Руслан Баймаханов пен бас маман Шәкәрім Кизбаевқа тәртіптік жаза қолданылды.
Естеріңізде болса, осы жылдың ақпан айында құқығы бұзылып, кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрап келген кәсіпкер Аблан Асенов туралы айтқан болатынбыз. Кәсіпкер 2016 жылы Сырдария ауданына қарасты Тереңөзек кентінен жалпы көлемі1 гектар және 0,13 гектар екі жер телімін алады. Алайда, Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы сол жылдың қазан айында кәсіпкерге аталмыш жер телімін нысаналы мақсатында пайдалану туралы нұсқама беріп, ал, 2017 жылы кәсіпкердің құжаттарын тексерместен, сырттай бақылау тәсілімен мақсатсыз пайдаланды деген қорытынды шығарып, Сырдария аудандық сотына берген.
Кәсіпкердің өтінішіне сәйкес палатаның заңгерлері іспен жан-жақты танысып, сотта кәсіпкердің құқығын қорғап қала алды. Қорғап қана қоймай, кәсіпкердің құқығы мен заңды мүддесін шектеген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы Сырдария аудандық прокуратурасына ұсыныспен шыққан болатын.
Аудан прокуроры-әділет кеңесшісі Асхат Тәженов өз кезегінде Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы қызметкерлерінің әрекетін негізсіз деп танып, аталмыш мемлекеттік орган басшылығына жауапкершілігін қарау туралы ұсыныс береді. Алайда, басқарма прокуратураның ұсынысын негізсіз деп, қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартудан бас тартады. Басқарманың позициясымен келіспеген прокурор Асхат Тәженов облыстық Әдеп кеңесіне ұсыныс береді.
Аудан прокурорының табандылығының арқасында сәуір айында Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қ.Тоғызбаев аталмыш басқарманың бөлім басшысы Руслан Баймаханов пен бас маман-мемлекеттік инспектор Шәкәрім Кизбаевтың іс-әрекеттерінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға, яғни жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұзуына жол бергені үшін қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданды.
Кәсіпкерлер палатасы өз кезегінде қызметінде принципшілдік танытып, олардың құқығын қалпына келтіруде әріптестік қолдау көрсеткені және заңсыз тексеру жүргізген кінәлі тұлғалардың тәртіптік жауапкершілікке тартылуын қамтамасыз еткені үшін Сырдария ауданының прокурорына алғысын білдіруде.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
25 сәуір 2018 ж. 1 090 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам