"100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛДІ ТЕРМИНДЕР МЕН ҰҒЫМДАР САНЫ АРТТЫ
Жоба аясында қазақ тілінде 3 мыңнан астам жаңа ғылыми терминдер мен ұғымдар енгізілді
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының жетекші маманы Орзғали Селтеев "Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасын жүзеге асыру қандай нәтиже беретіні туралы ойын білдірді, деп хабарлайды BNews.kz.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының жетекші маманы Орзғали Селтеев "Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасын жүзеге асыру қандай нәтиже беретіні туралы ойын білдірді, деп хабарлайды BNews.kz.
"Жоба аясында қазақтілді ғалымдар толқынының келуі күтілуде. Қазір мүлдем жаңаша жастар буыны қалыптасып келеді, қазақ, орыс, ағылшан тілдерін меңгерген жаңа ғалымдар буыны. Егер ертеректе біз бірнеше кітаптар немесе белгілі бір кітапхана қорымен ғана шектеулі болсақ, бүгінде интернет пен ғылымның жаһандануы жас ғалымдар мен жалпы студенттік жастарға жаңа мүмкіндіктер береді, - деді Оразғали Селтеев "100 жаңа оқулық: тілдің жаңғыруы және ғылым мен білім жүйесінің қайта қосылуы" тақырыбына арналған дөңгелек үстел барысында.
Саясаткер атап өткендей, жоба кәсіби аударма ісінің дамуына тың серпін береді.
"Бүгінде ұлттық аудармалар бюросы құрылды – бұл қоғамдық қор, онда үш тілді меңгерген жоғары білікті аудармашылар шоғырландырылған. Атап өтетін басты мәселе, осы оқулықтарды аударуға сала мамандары жұмылдырылған. Мысалы әлеуметтану туралы кітапты аудару барысында кәсіби әлеуметтанушы ғалымдар атсалысты. Яғни түпнұсқа тіліндегі айтылған барлық ойлар, идея мен тұжырымдамаларды жеткізу үшін осындай жұмыс атқыралды", - деді Оразғали Селтеев.
Сарапшы "100 жаңа оқулық" жобасы аясында қазақтілді оқырмандар үшін қазіргі заманғы ғылым әлемі есігін айқара ашып, осылайша мемлекеттік тіл ғаламдық академиялық ортаға қосылатынын тап өтті.
Бүгінде жоба аясында ағылшын тілінен қазақ тіліне жоспарланған 100 кітаптың 18 кітабы аударылды.
Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында АЭСИ директоры Ержан Салтыбаев бұл жоба қазақстандық студенттерге әлемнің үздік үлгілері бойынша білім алуына көмектесіп, сондай-ақ философия, саясаттану, әлеуметтану және басқа да салаларда өз білімін кеңейту үшін жаңға мүмкіндіктер ашатынын айтты. Оның пікірінше, әлемдік жоғары оқу орындарының білім бағдарламаларына енетін әмбебап оқулықтар Қазақстандағы гуманитарлық ғылымның даму деңгейін айтарлықтай арттырып, отандық ЖОО-да білім беру сапасын көтереді. Сонымен қатар бұл кітаптарды түпнұсқадан тікелей аудару жұмысы қазақстандық аудармашылар мен редакторлар мектебін қалыптастыруға тікелей әер етеді. Бүгінгі күнге дейін 18 оқулық аударылып, Елбасының назарына ұсынылды. Қазақ тілінде 3 мыңнан астам жаңа ғылыми терминдер мен ұғымдар енгізілді.
bnews.kz