Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МИНИСТР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҚАНША ПАЙЫЗЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛЕТІНІН АЙТТЫ

МИНИСТР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҚАНША ПАЙЫЗЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛЕТІНІН АЙТТЫ

    ҚР мәдениет және спорт министрі  Арыстанбек Мұхамедиұлы тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асып жатқанын баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, жыл сайынғы зерттеу қазақстандықтардың дені  мемлекеттік тілді меңгергенін көрсеткен.
«2017 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесі 83,1 пайызды құрады, ал 2016 жылы одан да аз болатын. Үш тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 22,3 пайызды құрады. Үш тілді меңгеру аясында мемлекеттік қызметшілерді оқытуды ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру мақсатында ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясымен өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылды», — деді  Мұхамедиұлы.
Министр былтыр жоба аясында орталық атқарушы органдарда мемлекеттік тілді оқыту курсына 610 адам қатысқанын атап өтті. Сонымен қатар республикада 89 аймақтық мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді.
«Оқыту орталықтары Тіл туралы заңға сәйкес Қазақстан азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруі мақсатында оқыту курстарын ұйымдастырады. Осы мақсатта 2017 жылы тіл оқыту орталықтарында 58 мың 348 адам мемлекеттік тіл оқыту курстарынан өтті. Қазтест жүйесі негізінде қазақ тілін білу деңгейін анықтау мақсатында 2017 жылы тестілеуден өткендердің жалпы саны – 94 458 адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер саны – 22837 адам», — деді министр.

27 наурыз 2018 ж. 1 462 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам