Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТАРИХҚА ҚАЛАМ ТЕРБЕГЕН

ТАРИХҚА ҚАЛАМ ТЕРБЕГЕН

А.С.Пушкин атындағы орталық қалалық  кітапханада «Тарихқа қалам тербеген» атты  кездесу кеші өтті. Шара Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Бегімбай Ұзақбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналды.
   Оған Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Айжарық Сәдібекұлы,  Жұматәлі Әбдіраман, журналист-зейнеткер Өтеген Жапархан сынды қаламгерлер қатысты. Олар жазушының тұранның тұғырлы тұлғасы жайындағы «Жалаңтөс баһадүр», абыз-әулие  жайлы «Қарабура»,  «Марал баба», батыр бабамызды бейнелеген «Сартай батыр»,  «Тағдыр», «Қилы-қилы заман-ай», «Алдаспандар рухы», «Шығар күннің шуағы»,  «Өнегесімен өркенін жайған»,  «Айымторы»,  «Сырлы сезім»,  «Бұтақтан өрген бәйтерек»    прозалық шығармаларының  оқырман жан дүниесіне шуақ құяр, ұлттық рухани  байлығымызға  айналған  құнды дүниелер екендігін айтып, кеңінен  әңгіме қозғады. Ақын Толыбай Абылаев  жазушыға  арнау  жыр  оқыса,  облысымызға белгілі журналист, қоғам қайраткері Ержан Уайс замандас ретінде жазушының  өмірінен естеліктер айтты.
   Шара барысында жазушы шығармашылығына  қызығушылық танытқан оқырмандар сұрақтар беріп, тұщымды жауаптар алды. Сондай-ақ, М,Мәметова  атындағы  жоғары  педагогикалық колледждің ІІ курс студенті Нұрдәулет Елдес Сартай батыр бейнесін  сомдап шығармадан үзінді келтірсе,  өнерпаз жастар  домбыра үнін күмбірлете күй тартты. 

Бақберген Әбілқасым



27 сәуір 2018 ж. 1 658 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам