ЖАС САРБАЗДАР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Салтанатты шарада Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына сап түзеп, Әнұран орындауымен басталды. Одан соң Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне жаңадан қабылданған 10 жас қызметкер қызметтік міндеттерін адал және абыроймен атқаруға, еліне адал қызмет етуге, азаматтар құқығы мен бостандығын қорғауға ант берді. Сала ардагерлері қиындығы мен қызығы қатар жүретін салада өздерінің естеліктерін айтып тәжірибелерімен бөлісіп, жас қызметкерлерге мемлекеттің және халықтың мүдделерін абыроймен және намыспен қорғауларына сәттілік тіледі.
Департамент бастығының орынбасары, әділет майоры Тұрсынбаев Талғат Қуанышұлы жас қызметкерлерді құттықтап, олардың азаматтық борыштарын абыроймен атқаруына тілек білдіріп, лебізін жеткізді.
Дана ДОСТАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша
ҚАЖД.