ЕРТЕГІ – БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ БАСТАУЫ
Бүгінде бала жетектеген ата, немересіне ертегі айтып отырған әже кезіктірсек, таңырқамай, сүйсінбей өте алмаймыз. Себебі, бұл көрініс көз алдымызда таңсық болып барады. Алайда, замана көшінен қалмай, рухани жаңғырамыз десек, ұлттық дәстүрлерді жаңарта түсуіміз қажет-ақ.
Бүгінгі ұрпақ бесік жырын естімей өсіп келеді. «Әлди, әлди» әнімен балбырап ұйқыға кететін сәби санасына ұлттық ұғымның сіңуі де осы кезден басталады. Бесік жырымен қоса, ертегі айтатын ақ жаулықты кейуана азайды. Ұлттық сана, ұлттық тәрбие бесік жыры мен ертегіден басталады. Сондықтан да баланы құрсақта жатқан кезінде-ақ әнмен тәрбиелеу қажет екен. Өкініштісі, ежелден келе жатқан осы ұлттық үрдістің тіні үзіліп бара жатқандай. Осындай сәтте Бауыржан Момышұлы айтқан ұлағатты сөз еске түседі. «Бірінші, балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын. Екінші, немерелеріне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқaмын. Үшінші, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әже, әке жоқ» деген екен. Осы сөздің мән-мағынасын түсінсек, баланың тәрбиесіне тек ата-ана емес, сонымен қатар ата-әжелер де атсалысуы қажет. Олардың бала тәрбиелеудегі рөлі ерекше десек артық болмас. «Өз балаңды өскенше, немереңді өлгенше», «Балам балдан тәтті, немере одан да тәтті» деп халық даналығы айтқандай, қазыналы қарттарымыз үшін немеренің орны бөлек.Адам бойындағы асыл қасиеттер отбасында қалыптасады. Ал, ұлттық тәрбие, нағыз қазақы тәлім-тәрбиенің өзегі әжелер мектебінен бастау алады. Біздің қазақ ұлтында отбасында ерекше рөлге ие жан – әже. Ол тәрбиелеген бала әдепті болып өседі.Сондай әзиз жанның бірі Халима әжеміз өз ойын былай өрбітті.
– Ертегі айту қай жағынан алып қарасаңызда бала тәрбиесіне оң ықпал етеді. Өмірдің жаманы мен жақсысын ажыратады. Бүлдіршіндерді теледидардағы адам шошырлық шетелдік мультфильмдермен тәрбиелеуді тоқтатпасақ, бұл үлкен олқылыққа алып келері даусыз. Өз қолымызбен-ақ жас өрендердің психологиясын бұзып жатырмыз. Сондықтан бүгінгі келіндер ұрпақ тәрбиелеуде ата-әженің ықпалы зор екенін білулері керек. Қазіргі балалар ертегіні көп тындамайды. Компьютер ойнайды, теледидардан әртүрлі мультфильм қарайды. Бірақ, ертегі ұлтымыздың ескірмес рухани байлығы екенін ұмытпайық, – дейді ақжаулықты әже.
Ал, үш баласының анасы атанған Сұлушаш сәбилеріне ертегі тыңдата алмай әлек. – Балаларым ертегі айтсам тыңдағысы келмейді. «Ту-у-у, мама қойшы, өтірік ертегі айтпашы, мультфильм қарайықшы» дейді. Иә, бүгінгі ұрпақты рухани байлық – ертегімен көндіре алмайтын уақытқа жеттік. Бірақ, бір қуанышты жайт, қазақ халық ертегілерінен құралған анимациялық бейне-ойындар көбейді. Олар жаңа заманға сай. Сондай-ақ ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері қойылып, айтылатын дүниелер бүгінгі қоғамнан көрініс тауып жатыр. Бүгінгі бала санасына лайық элементтерге ие ертегілер көбейсе, жас буынның көкірегі ояу, танымы кең болып өсер еді, – деген ойын жеткізді.
Ғалымдардың зерттеу нәтижелері бойынша, балаға ұйықтар алдында 15 минут бойы ертегі айтып беру қажет. Сонда бала тәрбиелі, батыл, ақыл тыңдайтын, ұқыпты болып өседі. Оны тыңдап болғаннан кейін талқыласаңыз өз бетімен оқуға ынта қояды екен. Әрі ойлау қабілеті дамып, сөздік қоры кеңейеді.
Ертегі – бала тілін жаттықтырады. Оның кейіпкерлері, олардың басынан өтетін оқиғалары арқылы күнделікті нәрселерді талдай білуді және әлемді түсінуді үйренеді.
Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел. Оның мөлдір бастауы, алтын тамыры – тәлім-тәрбие ісінде жатыр. Балаларға ертегі оқудың маңызды екенін ұмытпаңыз. Бұл екеуара қарым-қатынасты дамытып, бір-біріңізге деген сенім мен махаббатты нығайтады. Ұйықтар алдында ертегі айтып беру дәстүрі сәби үшін де, өзіңіз үшін де пайдалы.

Айтолқын АЙТЖАНОВА.