Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АСЫҒЫН АТА АЛМАҒАН САҚАСЫНАН КӨРЕДІ

АСЫҒЫН АТА АЛМАҒАН САҚАСЫНАН КӨРЕДІ

  Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны – асық туралы Бауыржан Момышұлы "Ол – үлкен халықтық тәрбие"деп баға берген. Қазір бұл жайында көпшіліктен сұрастырсақ, нақты талдап айтып беретіндер аз. Олардан мардымды жауап ала алмаймыз.
– Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйесін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылық пен сабырлылыққа тәрбиелейді. Шетелден келген қымбат дәрі-дәрмекті сатып алғанша, перзенттерімізді әр күні бір сағат бөліп ұлттық дәстүрімізді дәріптесек қандай ғанибет. Сонда сәбилеріміз ешқандай күйзеліске ұшырамайды, – дейді алтын құрсақты анамыз Әшіркүл әжеміз.
Оған қоса асық ойынының – балалардың дүниетанымын кеңейтетін қасиеті бар. Балалық шақта әркім оны қателеспей табу үшін сан алуан түске бояп та жүрдік. Сақаға таңдалған асық салмақты, ірі болуға тиіс. Ол көбінесе қошқарлардың асығы болып келеді.
Бұл – дәстүріміздің түрлі ойнау тәсілі бар. Алшы деп аталатын түрінде сақаның салмақты да алшы тұруына байланысты. Бұл – жеңіс үшін өте қажет. Балалардың есепке жүйріктігі сол кезден қалыптаса бастайды. Асық кәдімгі санағыштың рөлін қоса атқарады. Оларды қаз-қатар тізу кезінде санайсың, кейін ұтысты есептейсің. Ұпай бөліскенде де есептеу кез келген баланың математикаға бейімін арттырады. Сондай-ақ, асық ойыны көз мергендігіне, қол буындарының икемді болуына үйретеді.
Есі кірген сәттен қазақ балалары ұлтымыз ұлық тұтқан осы бір құндылықты бойына сіңіріп өседі. Кей жағдайда оған үлкендерде білек сыбана кететінін көзіміз көрді. Әдіс жағынан келгенде, ол қазіргі бильярдқа ұқсас. Қазақта асық – қасиетті дүние. Баласы ұл болса, бесігінің басына бөрінің асығын іледі. «Бәле-жаладан аулақ болсын, шымыр-қайратты болсын» дегені ғой. Әшіркүл әже қыз болса, бесігіне еліктің асығын тағатынын айтады. Ол сұлу, көрікті болып бойжетсін деп ырымдағаннан туған.
Мен дүниеге келерден бұрын атам мен әжем ырымдап асық жинаған екен. Онысы – ұл тілегені. Содан шығар, тілеулері қабыл болып дүниеге мен келдім. «Келінге көз тимесін, аман-есен босансын» деген ырымы ғой. Сондықтан мен сол кісілердің тәрбиесінде өстім. Менің есім кіргенде біздің үйде атам мен әжем жиған бір қалта асық бар еді. Бұл бәсекеге кемі екі баладан бастап қанша өрен қатысса да жетіп жатыр. Оған ешқандай тыйым жоқ. Жүгіресің, секіресің, көздейсің, тигізесің, жеңесің, жеңілесің. Асыққа бай боласың, бір сәтте жеңіп алғаның жоқ болады. Таза бәсеке, таза тәрбие. Өтірігі, арамдығы, жалғандығы жоқ. Болмайды да. Ұлттық ойын шеберлікке, мергендікке, батылдыққа тәрбиелейді.
Міне нағыз ойын. Мен өзімнің сыныптас, замандас, дос-жараңдардан сұрағанымда көбісі білмейтінін айтады. Сондықтан асық сол бір құндылықты бойына сіңіріп өскен өрендер некен-саяқ. Оның орнына ұялы телефонға, планшетке, компьютерге үңілген бүгінгі ұрпақ көбейіп барады. Олардың адам денсаулығына тигізетін зияны орасан. Ал асықтың жеткіншектің өсіп-жетілуіне қосатын үлесі зор еді. Қазір жастар арасында осы бір ұлттық сайыс түрінен бір-екілі жарыстың өткенін құлағымыз шалды, көзіміз көрді. Дегенмен, сол арқылы олқылықтың орнын толтыра аламыз ба? Бұл қазақ баласының атадан қалған аманатты көзінің қарашағындай сақтауына, оны биікке көтеруіне негіз бола ала ма? Біздің осы жағы ойландырады. Сондықтан осындай ұлттық құндылықтарды насихаттауға байланысты тереңнен толғап, таразыға тарта білгеніміз артық емес.
Қазақта «Асығын ата алмаған сақасынан көреді» деген ғибратты сөз бар. Тағылым аларлық тәлімі мол тәмсіл көп нәрсені аңғартқандай. Күні ертең кеткен кемшіліктің кеселі ойға қалдырып жүрмесін дейік.

Айдархан ӘБДІҚАДЫРОВ,
ҚМУ-дің IV курс студенті.
26 ақпан 2018 ж. 1 969 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам