ҒЫЛЫМ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙЕ ТҮСЕДІ
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген құнды кітаптар жұртшылық тарапынан зор қолдауға ие болды. Осы орайда өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты өтіп, онда дінтану, экономика ғылымдарының мамандары аталмыш оқулық туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
– «Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасында гуманитарлық білімге аса басымдық беріліп, оның жан-жақты дамуына оң ықпал етуде. Оқулық аударылғанда осы сала кітаптарының ең бірінші тәржімалануы да бұл сөзіміздің дәлелі. Ондағы кітаптардың басым көпшілігі АҚШ-тың ең мықты университеттерінде негізгі оқулық ретінде енген еңбектер таңдалып алынды. Соның бірі – Энтони Кеннидің «Батыс философиясының жаңа тарихы» кітаптарының І, ІІ томдары. Бұл ауқымды кітап қазақ тіліне тікелей аударылған. Бірінші томында Антика философиясына тоқталса, екіншісінде орта ғасыр пәлсапасы ғылыми тұрғыда кеңінен баяндалады. Соңғысында автор «Адам деген кім?» деген сұраққа жауап іздейді, – дейді дінтану ғылымдарының магистрі Әлібек Жаппасбаев.
Экономика ғылымдарының кандидаты Абай Шайнұров бүгінге дейін бұл бағыттағы кітаптар тек орыс тілінде ғана оқылып келсе, енді кез келген қазақстандық азаматтың оны мемлекеттік тілде ұғынуына зор мүмкіндік туып отырғандығын айтады.
Сондай-ақ, баспасөз жиыны барысында аударылған 18 кітаптың көрмесі көпшілік назарына ұсынылып, БАҚ өкілдері оқулықпен етене танысты.