Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҒАЛЫМДАР СЫР ЕЛІНДЕ

ҒАЛЫМДАР СЫР ЕЛІНДЕ

    Бүгін Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Сыр елі және ХХІ ғасыр» ҚҚ-ның ұйымдастыруымен «Тұлғатану» жобасы аясында, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жанындағы «Рухани жаңғыру» орталығының директоры, т.ғ.д., профессор Хангелді  Әбжановтың «Қазақстанның киелі жерлерін зерттеудің маңызы» атты жастармен кездесуі өткізілді.
Кездесуді облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Нұрлыбек Мыңжас ашып берді. Айта кетейік, шараға Х.М.Әбжановпен қатар, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор Зиябек  Қабылдинов қатысты.
Жастарға берері мол Хангелді Махмұтұлы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен негізгі бағыттары турасында сөз етті. 50 астам ғылыми еңбектің, 5 монографияның авторы Х.Әбжанов жас тарихшыларға ғылыми жұмыс жазудағы ерекшеліктермен таныстырды.
 Ал, Зиябек Ермұханұлы өзі басқарып отырған оқу ордасының тарих және этнология саласы бойынша жеткен жетістіктерін айта отырып, тәжірибе алмасты.
Қазіргі заман ғылым мен технологияның қарыштап дамып, өте жоғары деңгейге жеткен шағы десек болады. Соған сай сана өркениеті өрістеп биіктеп барады. Бір анығы, адамның санасы, дүниетанымы жоғарылаған сайын қоғам да өзгереді. Осыған байланысты бүгінгі күні жастар арасында, елжандылықты қалыптастырып, бәсекеге қабілетті ұлт тәрбиелеуде еліміздің тарихын зерттеу, киелі жерлерін насихаттау алдыға қойылған бірден-бір мақсат. 
03 мамыр 2018 ж. 1 470 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 483 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам