МАМЫРДЫҢ 4-І КҮНІ ЕЛДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАУЫН ЖАУЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсерлетеді. Елдің батысы мен оңтүстік бөлігінде ғана жауын-шашын болмайды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Республиканың кей жерлерінде түман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі, бұршақ жаууы да ықтимал. Ақмола облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, күндіз екпіні 23-28 метр болады. Дауыл тұрып, бұршақ жаууы да мүмкін. Солтүстік Қазақстан, Қарағанда облыстарының бірқатар аймақтарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғуы мүмкін, екпіні 23-28 метрге жетуі де ықтимал. Бұршақ жауып, түнде және таң ата тұман түседі деген болжам бар. Шығыс Қазақстан облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде және таң ата тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында жел кұшейіп, жылдамдығы секундына 15-23 метрге жетеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында желдің соңы шаңды дауылға ұласады. Павлодар облысының бірқатар аймақтарында жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел соғады, екіпін 23-28 метрге жетеді. Қостанай облысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз екпіні секундына 23 метр болады. Бұршақ жаууы да ықтимал.