Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҰБТ-ДАН ЕҢ КӨП БАЛЛ ЖИНАҒАН АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТІ СЫЙЛЫҚ КҮТІП ТҰР

ҰБТ-ДАН ЕҢ КӨП БАЛЛ ЖИНАҒАН АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТІ СЫЙЛЫҚ КҮТІП ТҰР

   БҒМ "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған алғашқы түлекке iPhone сыйлайтынын хабарлаған.
– Биыл ҰБТ он бесінші рет өтетініне байланысты Қазақстан азаматы ретінде өз атымнан 140 балл жинаған алғашқы оқушыға iPhone сыйлаймын, – деген ол Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Айта кетсек, биыл ҰБТ форматына өзгеріс енгізілген жоқ, тек оқушыларға сынақты ағылшын тілінде тапсыруға мүмкіндік беріліп отыр. Бүгінгі таңда 200-ге жуық түлек ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыруға ниет білдірген. Дегенмен бұл көрсеткіш әлі де өзгереді. Өтініш қабылдау мерзімі 10 мамырда аяқталады.
2 мамырдағы мәліметке сүйенсек, республика бойынша 146 мың оқушы мектеп бітірсе, 96 963 түлек ҰБТ тапсыруға ниет білдірген. Бір қуантарлығы олардың 73 мыңы, яғни 80 пайызы қазақ тілінде сынақтан өтеді.
Ал, 15 жыл ішінде 1 миллион 600 мың жас өрен ҰБТ тапсырыпты.

А. АЙТЖАНОВА.
05 мамыр 2018 ж. 1 641 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 204 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам