Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БАЙҚОҢЫР ҰЛТТЫҚ ЦИФРЛЫҚ ХАБАРЛАРМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

БАЙҚОҢЫР ҰЛТТЫҚ ЦИФРЛЫҚ ХАБАРЛАРМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

   Байқоңыр қаласы ұлттық цифрлық телерадио хабарларымен толық қамтылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазтелерадио» АҚ ақпаратына сәйкес, Сыр өңірінде ұлттық цифрлық хабарлар тарату қызметіне қосылған азаматтар облыс тұрғындарының 84 пайызын қамтиды. Нақты айтқанда, 114 205 абонент сол игілікті тұтынады. Бұл жөнінен Байқоңыр қаласы төменгі көрсеткіште қалып отыр. Онда ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған азаматтар жергілікті тұрғындардың 27 пайызын ғана құрайды. Бұл жөнінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық әкімдіктің аппарат мәжілісінде өз пікірін білдірді. «Біз ішкі саясатымызды дербез жүргізетін мемлекетпіз. Өзіміздің құндылықтар, өзіміздің ішкі саясатымыз бар. Байқоңырдағы қазақстандық азаматтар ең бірінші ақпаратты өзіміздің ұлттық телеарналардан алуы тиіс», - деп атап өтті облыс әкімі. Айта кетсек, 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Алматы облыстарын цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшіру жоспарланып отыр.

Әділжан Үмбет
Фото: magspace.ru
05 мамыр 2018 ж. 1 579 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам