Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БАЙҚОҢЫРДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ГАЗБЕН ЖЫЛЫТЫЛАДЫ

БАЙҚОҢЫРДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ГАЗБЕН ЖЫЛЫТЫЛАДЫ


Осыған дейін қалалық жылу беру орталығының қызметін пайдаланып келген 6 мектеп пен 1 балабақша, және №7 мөлтек ауданның жылу беру жүйесі табиғи газға қосылды.
Айтулы шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, "КазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның бас директоры Манас Тасыбаев, аудан әкімі Сұлтан Мақашов және Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин қатысып, қала тұрғындарын көптен күткен көгілдір отынға қосылуымен құттықтады. Байқоңыр қаласын Қазақстанның табиғи газына қосу үшін ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ өз қаражаты есебінен қажетті инфрақұрылымды толығымен салған болатын. Сондай ақ, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралдық газ құбырынан «Байқоңыр» автоматтандырылған газ тарату станциясына (АГТС) дейін ұзындығы 4 шақырым болатын бұрма газ құбыры салынды. Ал АГТС-тен қалаға дейін ұзындығы 10 шақырымдық жеткізуші газ құбыры төселді. Қала ішіндегі құбырлардың ұзындығы 33,5 шақырымнан асады. Алдағы уақытта 20,6 мың абонентті газ құбырына қосу жұмыстары жоспарланып отыр, бұл - 300 ден аса көппәтерлі үй.
Айта кетейік, 2015 жылы «Жұлдызды қаладағы» 6 қазақ мектебі мен 1 балабақша еліміздің білім беру стандартына көшіп, аудандық білім бөлімінің теңгеріміне берілген болатын. Осы уақытқа дейін аталған нысандарға төлем 10 есе қымбат бағамен төленіп келді.


19 қараша 2017 ж. 1 495 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам