Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ХҚКО МАМАНДАРЫ 20 МЫҢ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТЫ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚҚА ҮЙРЕТПЕК

ХҚКО МАМАНДАРЫ 20 МЫҢ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТЫ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚҚА ҮЙРЕТПЕК

   Елбасының жолдауына сәйкес, елімізде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды.
Қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемелекеттік корпорациясы" КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" мамандары бекітілген жоспарға сәйкес Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті оқытушылары мен студенттеріне дəріс оқып, практикалық сабақтар жүргізіп жатыр.
Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған шара облыс əкімдігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлескен үшжақты меморандум аясында жүзеге асуда.
 «Е-Gov» қазақстандықтардың өмірін айтарлықтай жеңілдетті. Қазіргі кезде елімізде 746 мемлекетік қызмет бар болса, оның 60 пайызы электронды портал арқылы көрсетіледі. Оның тең жартысын үйден шықпай, кеңседе отырып алуға мүмкіндік бар. Уақытты жоғалтпай, мемлекеттік мекемелердің табалдырығын тоздырмай, интернет арқылы бәрін тындыруға болады. Оған тек ЭЦҚ кілтіңіз болса болғаны. Алдағы кезде замана көшінен қалғысы келмеген әрбір азамат, мамандар, ғалымдар мен студенттер цифрлық техноло-гиялар, Е-үкімет, интерактивті жарнама және әлеуметтік медиа саласындағы өзекті тақырыптарды біліп, күнделікті өмірінде қолдана білуі тиіс. Жергілікті тұрғындарға электронды үкімет арқылы көрсетілетін қызмет түрлерін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған қысқамерзімді оқыту курстары 2500 адамды қамтымақ. Жоспарымызда 20 мың адамды қысқамерзімді оқыту курстарымен қамту көзделген. Аталмыш оқыту шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ», - дейді Анар Яссауиева, ХҚКО департаментінің HR-маманы.
Айта кетейік, бағдарлама бойынша 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлы xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде.

Қызылорда облысы бойынша филиалы
"Халыққа қызмет көрсету орталығы"
04 мамыр 2018 ж. 1 453 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам