Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ОҚ ПЕН ОТТЫҢ ИІСІ

ОҚ ПЕН ОТТЫҢ ИІСІ

     Ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған, тыныштық тарту еткен қарт майдангерлер қатары жылдан жылға сиреп барады. Десе де олардың бүгінгі күнге аман-есен жеткені – үлкен қуаныш. Қан майданнан туған топыраққа қайта қадам басып, соғыстан кейінгі жылдары елге қызмет жасаған оларға алғысымыз шексіз. Бүгінде елдің арасында бақытты ғұмыр кешіп жүрген ардагердің бірі – Әбдірахман Байтіков.
         1924 жылы дүниеге келген ол кез қиын-қыстау ауыр кезеңді бастан өткізді. Сол уақытта жеті жылдық мектепті бітіруге ғана мүмкіндік болды.
Мектеп бітірісімен 1942 жылдың тамыз айында әскер қатарына алынды. Осылайша 18 жасқа толған шағында жас сарбаз елін қорғауға аттанып кете барды.
         Әбдірахман Байтіков Өзбекстан арқылы Түрікменстанның Ашғабат қаласына аттанды. Алғаш келген жас сарбаздар мұнда қару-жарақты бұзып, қайта құруды үйренді. 1943 жылдың мамыр айында ол 75-ші гвардиялық дивизияға қабылданды. Майдан даласына аттанды.
         Бүгінде тоқсан төрттегі қарт майдангер соғыс салған жараны әлі ұмытқан емес. Отан үшін от кешкен жылдардағы көрген әрбір қиындық есінде сақтаулы.
 – 1943 жылдың 5 шілдесі еді. Таң алдында біздің дивизияға неміс басқыншылары шабуыл жасады. Гүрс-гүрс еткен оқтың даусы, атыс-шабысқа етіміз үйреніп кеткен. Одан қорқу, қашу жоқ. Біздегі бар мақсат – жауға қарсы тұрып, жеңіске жету. Соғыс кезінде әрбір жас сарбаздың бойында осындай сезім жүрді. Олар тек майданда жеңіске жетуді тіледі. Елге аман-есен оралып, отансүйгіштік қасиетімізді болашақ ұрпаққа мақтан ету – басты қағидамыз. Алайда, осы шабуылда қолымнан жарақат алып, госпитальға түстім. Сүйегім аман екен, тек тамырлары қиылып кеткен. Содан қолыма ота жасалды, – деді қарт майдангер сол бір шаққа ойша оралып.
Уақыт өз дегенін жасайды. Бұл соғыс адамзаттың жүрегіне өшпес жара салды. Қаншама ұрпақты қайғы-қасіретке душар етіп, өмірін өксітіп кетті. Госпитальдан шыққан жаралы сарбазды Новосібір қаласына жіберді. 1943 жылдың желтоқсан айында комиссияға түсіріп, 2-ші топ мүгедектігіне байланысты шешім шығарып, елге қайтарады. Соғыс салған ауыр жарақаттан 1944 жылдың басында елге оралды.
Туған жерде бейбіт еңбекке араласып, алдыңғы лектен көрінді. 1965 жылға дейін ауылшаруашылық саласында еңбек етті. Еңбек жолында есепші,  бригадир қызметтерін атқарды.
Кейіпкеріміз 1957 жылы Кеңескүл есімді сүйген жарымен отбасын құрды. Жұбайы екеуі ұл-қызына тағылымды тәрбие сіңірді. Немере-шөбере сүйді. Қарт майдангер қабырғалы елінің амандығын, зеңгір көкті соғыс шарпымауын күнде Алладан тілеп отырады.
Жүйткіген уақытқа кім қарсы тұрады? Қазір өзі майдангерлер қатары да сиреп қалды ғой, – деді майдангер ақсақал терең күрсініп.– Енді, міне, санаулы күндерден соң Ұлы Жеңістің 73 жылдығын да тойлағалы отырмыз. Бірақ, қан майдан естен кетер ме? Айта кететін жайт, біз жеңіске халықтар достығының беріктігімен жеттік. Сол әрқашан есімізде болуға тиіс. Бүгінгі Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болғанына қуанамыз.  Елде тек  бірлік болсын. Бірлік болса, тірлік болады.
Қарт майдангер осылайша сұрапыл соғыс жылдары жайында еске түсірді. Қиын кезеңді күрсініспен еске алды. Адамзат тарихындағы мұндай ауыр кезеңді енді ұрпағымыз көрмесін деген тілеулестігін білдірді.
                                                                                                Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.
10 мамыр 2018 ж. 1 421 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам