Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕРЛІК ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

ЕРЛІК ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

    Жеңіс мерекесі қарсаңында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Ұлы Отан соғысы ардагерлері және тыл еңбеккерлерімен жүздесті. Жүздесуге қатысқан 100-ден аса азаматқа мерекелік дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.
Қала әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтап, жүрекжарды жылы лебізін жеткізді.
– Халқымыздың даңқты ұлдары мен қыздарының қан майдан мен жеңiс сағатын жанқиярлық iстерiмен жақындата түскен тылдағы еңбектері ешқашан да ұмытылмайды. Уақыт алға жылжыған сайын бұл ерліктің шоқтығы биіктеп, қадір – қасиеті, бағасы артып, тағлым - тәрбиесі мен мән - мағынасы тереңдеп, даралана түседі. Азаматтық арды ту етіп, ерен ерліктің үлгісін көрсеткен Жеңімпаз жандарға әрдайым қамқорлық жасау біздің перзенттік парызымыз, – деді қала басшысы.
         Әр жыл сайын батыр ардагерлердің қатары сиреп барады. Қазіргі таңда  Ұлы Отан соғысының 17-і ғана ортамызда. Мұнан бөлек,қаламызда 1 мың 800-ге жуық тыл ардагерлері бар. Олардың ішінде 35-і тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталғандар.
Мерекелік көңіл-күйді сезінген ардагерлер мен тыл еңбеккерлері естеліктерімен бөлісіп, ізгі тілектерін жеткізді. Қала әкімі қатысқан барлық жандарға арнайы естелік сыйлықтар табыстады. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. 
        
                                                                                           А.АЙТЖАНОВА
11 мамыр 2018 ж. 1 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам