КӨШПЕЛІ ЖАЗҒЫ КІТАПХАНА

Айта кетейік, мұнда қала тұрғындарының жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану, кітап оқуға деген қоғамның қызығушылығын арттыру мақсатында дәстүрлі көшпелі жазғы кітапхана жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Қазақтың ұлттық қараша үйінде орналасқан 1000-ға жуық кітап қазақ және орыс тіліндегі әдебиеттермен қатар, мерзімді басылымдарды оқырман назарына ұсынады. Онда әлем жазушыларының көркем шығармаларын, анықтамалықтар мен энциклопедиялық сөздіктер, ертегілер, аңыздар, фантастикалық-шытырман оқиғаға толы қызықты кітаптар, балалар әдебиеті, танымдық энциклопедиялар бар. Сондай-ақ, тұрғындар Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай «Сұлу Сырдың шаһары», Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған «Елімнің жүрегі – Астана» тақырыбындағы кітап көрмелерімен танысып, қажетті ақпараттармен қанығуға толық мүмкіндігі бар.
Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.