Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТІЛСІЗ ТАРИХ БОЛМАЙДЫ

ТІЛСІЗ ТАРИХ БОЛМАЙДЫ

   Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жанындағы «Рухани жаңғыру» орталығының директоры, профессор Хангелді Әбжанов «Тұлғатану» жобасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерін зерттеудің маңызы» тақырыбында жастармен кездесті.
Кездесуді облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Нұрлыбек Мыңжас ашты. Шараның  мәні мен мазмұнын айшықтап, жиналғандарға кездесудің мақсатын кеңінен түсіндірді. Шараға Хангелді Әбжановпен қатар, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, профессор Зиябек Қабылдинов қатысты.
Алғаш болып сөз сөйлеген Зиябек Қабылдинов «Тарих бүгіннен бастау алады» тақырыбында баяндама жасап, тарихи құндылықтарды зерделеді. Сондай-ақ, жастарды көне көз қариялардың аузында жүрген құнды деректерді қағаз бетіне түсіруге шақырды. Сонымен қатар, қазір білімнің салтанат құрған кезеңі екендігін ашып айтып, білім мен ғылым жолына шақырды.
Ал, Қазақстанның тарихынан сыр шерткен Хангелді Әбжанов жастармен қызықты мәліметтерімен, тың деректерімен бөлісті. 50 астам ғылыми еңбектің, 5 монографияның авторы әр адам төл тарихын білу керектігін айтып, оны құрметтеуге шақырды.
—Тілсіз ешқашан тарих болмайды. Сондай-ақ тарихты жасаушы негізгі үш күш бар. Ең әуелі, тарих халықтың қолымен жасалады. Екінші, олардың даналығы негізінде, үшіншіден, биліктің шешімімен қалыптасады, – деп, Қазақстанның киелі өңірлерінің тарихы мен ұлттық құндылықтарымыз төңірегінде әңгімеледі.
                                                                                                                                                        Биболат Сағындықұлы
12 мамыр 2018 ж. 1 202 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 438 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам