«БОРЫШКЕР» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ
Ағымдағы жылдың 1-31 мамыр аралығында облыс көлемінде «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара мақсаты салынған әкімшілік айыппұлдарды өкімет бюджетіне өндіру.
ҚР ӘҚБтК-нің 893-бабына сәйкес, әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды қаулы заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс. Төленбеген жағдайда осы Кодекстің 894-бабына сәйкес, айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлі түрде орындату мақсатында сот орындаушыларына жолданады. Іс-шара барысында Қызылорда ОІІД-нің қызметкерлері өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының қызметкерлерімен бірлесіп, борышкерлерді анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды.
Іс-шара барысында барлығы 1 млн 495 мың теңге өндірілді. Қала орталығында 5 мобилді топ жұмыс атқаруда. Рейд барысында қарыздары бар жүргізушілердің тізімдері шығарылып, мобильді топтармен автокөліктері анықталған жағдайда мемлекеттік белгілер алынуда.
Айыппұлдарын төлемей жүрген азаматтарға қатысты мәжбүрлеу шаралары қолданылуда. Жеке сот орындаушыларына түскен әкімшілік істер бойынша бүгін де біршама шектеу жұмыстары жүргізіледі, яғни шет елдерге шығуға шектеу қою, мүліктеріне шектеу қою сияқты. Осы тұрғыда айыппұлды заңда қарастырылған 50 пайыз жеңілдікпен жеті тәулікте төлеуге немесе бір ай мерзімнен кешіктермей төлеулеріңізді сұраймыз.
Қала тұрғындары назарына!!! Айыппұлдарыңыз бойынша қосымша мәліметтер жөнінде Қызылорда ОІІД ӘПБ Әкімшілік практика бөлімінен (мекен жай: Қызылорда қаласы, Жібек жолы көшесі №22) біле аласыздар, немесе admpraktikakzo@mail.ru электронды поштасына хабарласуларыңызға болатынын хабарлаймыз.
Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі