Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БАЙҚОҢЫРДА КҮН ЭЛЕКТР СТАНСАСЫ САЛЫНАДЫ

БАЙҚОҢЫРДА КҮН ЭЛЕКТР СТАНСАСЫ САЛЫНАДЫ

    Байқоңырда қуаты 55 МАт болатын күн электр стансасының құрылысы басталады. Бүгін Global Challenges Summit 2018 форумы аясында аталған стансаның құрылысын қаржыландыру туралы ҚР Энергетика министрлігі мен бірқатар халықаралық банктер арасында меморандум жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Осы құжатқа сәйкес Энергетика министрлігі Қызылорда облысында салынатын күн электр стансасының құрылысына қолдау көрсететін болады. Baikonyr solar деп аталатын күн электр стансасының қуаты - 55 МВт. Жобаны жүзеге асыру үшін 30 млн долларды Еуропа қайта құру және даму банкі, ал 11 млн долларды Азия даму банкі бөледі. Алдағы жылдан бастап, станса іске қосылуы қажет», - деді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев меморандумға ЕҚҚДБ бірінші вице-президенті Юрген Ригтеринкпен бірге қол қойғаннан кейін. Сондай-ақ,  Қ.Бозымбаевтың сөзіне қарағанда, «Самрұқ-Қазына» әл-ауқаты қоры британдық жеке инвесторлармен бірлесіп, Жамбыл облысындағы күн электр стансасының қуаты 50-ден 100 МВт-қа жеткізуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, ҚР Үкіметі қабылдаған жаңартылатын энергия көздері саласындағы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында қазіргі уақытта айтарлықтай көлемде шетелдік және отандық инвестициялар тартылуда. Оған бүгінгі қол қойылған құжат дәлел бола алады. Жаңа жоба CO2-ның жыл сайынғы шығарындыларын 75 000 тоннаға төмендетуге алып келеді.

17 мамыр 2018 ж. 1 270 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам