Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «МАХАББАТ АРАЛЫ» ДРАМАСЫ ҚОЙЫЛДЫ

«МАХАББАТ АРАЛЫ» ДРАМАСЫ ҚОЙЫЛДЫ

     Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2018 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің және Қызылорла облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында байлық пен жоқшылық, махаббат пен сатқындық, адалдық пен арамдықты бейнелейтін «Махаббат аралы» атты драмасы қойылды. Өмірдегі осы егіз ұғымдардың толассыз тартысын «Махаббат аралы» қойылымынан көруге болады. Отандық драматург Әділбек Тауасаровтың пьесасы бойынша сахналанған шығарма Сыр көрермендеріне ой салды. 
Қойылымды мемлекеттік қызметшілер, дәрігерлер, мұғалімдер, өзге де бюджеттік сала қызметкерлері, студенттер және қала тұрғындары тамашалады.
Жемқорлық – қауіпті қылмыс. Марат Матаевич жемқор-дәрігер. Бір қатты науқас әйел пара бермегендігінен сол дәрігердің қолынан қаза табады. Жылдар өте ғашығымен махаббат аралына демалуға барған дәрігердің денсаулығы күрт нашарлап кетіп, орманшыға күні түседі. Ал орманшы, баяғы наукас әйелдің күйеуі боп шығады. Парадан көзі ашылмаған дәрігерден орманшы жылдар бойы жинаған кегін алады. Қойылымда қазіргі күннің басты мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің айқын көріністері айқын бейнеленді.
23 мамыр 2018 ж. 1 493 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам