Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!

ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!

   
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Парасыз болашаққа. Бірге!» республикалық акциясы аясында облыс орталығында жасақталған мобильді топ  арнайы автобуспен қала көшелерімен жүріп өтіп, халық көп шоғырланатын орындарда тұрғындармен кездесті.
  
Мобильді топ құрамына «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының өкілі Қ.Жарекеев және мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы директорының орынбасары С.Насипова және басқа да мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері еніп отыр. Мобильді топ өкілдері Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің  ұжымымен де кездесіп, кезекті ақпараттық түсіндіру шарасын өткізді.  
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-ші қадамын орындау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызмет көрсету барысындағы әкімшілік кедергілерді барынша азайту мақсатындағы жұмыстарды кеңінен түсіндіреміз. Мобильдік топ бұл бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады, — деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Байқожаев.  
Қызылорда облысы ТЖД
27 желтоқсан 2017 ж. 1 471 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам