Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МЕКТЕБІМ, ӨЗІҢДЕ ӨСІП, КӨКТЕДІМ

МЕКТЕБІМ, ӨЗІҢДЕ ӨСІП, КӨКТЕДІМ

   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жаңақорған ауданында «Мектебіме тағзым» акциясына қатысуға ниет білдірген азаматтар өз тарту-таралғысын жасады. Қысқа мерзімде көптеген мектеп түлектері өздері түлеп ұшқан білім ордаларына көмек көрсетуде.
Аталмыш акция аясында ауданда 5,5 млн.теңгеге жуық қаржыға түрлі сый-сияпат жасалған. Бұл шараға Ілияс Қабылов атындағы №32 мектеп-лицей түлектері де белсенді қатысты.
— Адамның тұлға ретінде қалыптасуының кілті –мектепте. Өзінің араласқан ортасына сай бала өседі, тәлім-тәрбие алады және басқалардан ерекшеленеді. Аяулы мектебін жүрегінде сақтайды. Олардың бұл тартуы сондай ізгі мақсаттан туындаған, - дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақытжан Жүнісов.
Мектеп түлегі Олжас Шағатаев бүгінде Ақтау қаласында кәсіппен айналысады. Туған жеріне, білім алған алтын ұясына сый-сияпат есебінде ол 820 мың теңгеге акт залға 70 орындық, музыкалық аппарат, караоке микрофондар және жұмсақ орындық алып берген. Басқа түлектер одан бөлек алғашқы әскери дайындық пәніне қажетті тир мылтығы мен ноутбук алып берген. Жалпы, аудан бойынша түлектердің қаржылай қолдауымен заманауи кабинеттер, шахмат, робототехника кабинеттері ашылып, музыкалық аспаптармен қамтамасыз етілген. Ғимараттарды жөндеп, аумағына абаттандыру жүргізгендер де бар.
Ал Ә.Бердәулетов атындағы №34 орта мектептің әр жылдардағы түлектері 12 домбыра сыйға тартқан. Осының нәтижесінде бүгінде мұнда домбыра үйірмесі ашылған. Үйірме жұмысын қолға алған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жандос Байжанов:
— Өзім музыка пәнінен сабақ беремін. Домбыра үйірмесінде балалар ұлттық аспаптың қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік алды, – дейді.
Баспасөз турының соңы №201 мектеп-лицейінде түлектер мен жастардың кездесуімен қорытындыланды. Кездесу барысында Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Жағыпар Тәжмаханов «Мектебіме тағзым» акциясына белсене қатысқан азаматтарға аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.
- Жалпы, қоғамның түрлі саласында қызмет жасайтын азаматтар оқу ордасына қажетті заттарды алуға көмектесті. Бірі мектебінде шахмат немесе компьютер мектебін ашса, кейбіреулер музыка, химия, биология, физика, тарих немесе робототехника сынды пәндер бойынша арнайы сыныпты жасақтауға көмектесті. Спорт залды, асхана мен мектептің кіреберісін, шатыры мен терезесін жөндеуден өткізді, - деді ол.
Шараға қатысқан қонақтар жас өрендерге биік мақсатқа жету үшін білімді, тәрбиелі болу маңызды екенін айтты.
                                                                             Биболат Сағындықұлы
28 мамыр 2018 ж. 1 325 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 427 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам