ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ ТЕАТРДА АКЦИЯ ӨТКІЗДІ

Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Н.Бекежанов атындағы драма театрда «Туған жерге тағзым: Мектебіме тағзым» атты акция өткізілді.
Аталған акцияда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Бақытбек Алпысбаевпен №15 мектеп-лицейдің 9-11 сынып оқушылары, сынып жетекшілер және ұстаздар кездесті.
Кездесу кешінде Б.Алпысбаев өз өмірі мен балалық шағы туралы естеліктерді оқушылармен бөлісіп, өзі түлеп ұшқан №15 мектеп-лицей туралы сыр шертті. Сонымен қатар, әртістік өмірі мен 200-ден астам сомдаған рөлдері туралы, ондағы қызықты сәттерін айтты.
Оқушылар Б.Алпысбаевқа арнаған өлең шумақтарын мәнерлеп оқи отырып, әннен шашу шашты.